11/11/2024
Home / Ilm / Абстракт қалай жазылады?

Абстракт қалай жазылады?

Егер сізге ғылыми мақалаға немесе баяндамаға абстракт (аудармасы – «аңдатпа», түйіндеме, реферат») жазу керек болса, абыржымаңыз, сіздің абстрактіңіз – бұл өзге біреулер шолу ретінде пайдалануы мүмкін жұмыстың немесе мақаланың қысқаша мазмұны. Ол сіздің оқырманыңызға мақала не туралы екенін түсінуге көмектеседі және оның көмегімен адамдар нақты жұмысты таба алады, әрі өздерінің белгілі бір мақсаттарына жету үшін оның көмегі бола ма, болмай ма, соны шешеді. Егер де абстрактіге өзіңіздің жазған жұмысыңыздың жай мазмұны деп қарасаңыз, онда ол өте жеңіл орындалады.

111774Ең алдымен, мақаланың өзін жазыңыз. Абстракт жұмыстың басында болғандығына қарамастан, ол мақаланың түйіндемесі қызметін орындайды. Бұл сіздің тақырыпқа кіріспе емес, мақалада не жазғаныңызға шолу жасау.

Кіріспе мен абстракт – бұл мүлде екі бөлек нәрселер. Мақаладағы кіріспе негізгі идеяны немесе мәселені таныстырса, абстракт, әдістер мен нәтижелерді қоса ала отырып, мақаланы тұтас қарастыру үшін қызмет етеді.

Егер сіз өзіңіздің мақалаңыздың не туралы болатынын білемін деп болжасаңыз да, рефераттауды әрқашан соңына қалдырыңыз.

Абстракт жазуға арналған барлық талаптарды қарап түсініңіз.

Сізге жазған жұмысыңызға абстракт жазу тапсырмасы берілді. Сіз абстракт жазуға қойылатын талаптардан ауытқымауға тырысыңыз. Абстракт жазуға кіріспес бұрын берілген ережелер мен ұсынымдарға көңіл аударыңыз. Ескеруге міндетті маңызды нәрселерді анықтап алыңыз:

Абсрактінің көлемі қандай болуы керек?

Стильге қойылатын қандай да бір талаптар бар ма?

Сіз оқытушыға немесе жарияланым үшін жазып отырсыз ба?

Мақсатты аудиторияны ескеріңіз. Сіздің абстрактіні сол саланың өзге де ғалым мамандары оқитын болады. Сонымен қатар басқа саланың да кез келген маман оқырманына түсінікті болуы керек.

Сіз жазу керек абстрактінің түрін анықтаңыз. Негізі барлық абстрактілер бір ғана мақсатты орындау үшін қызмет етсе де, рефераттаудың сипаттамалы және ақпараттық деген екі негізгі стилі бар. Сізге басшылыққа алатын нақты стильді көрсеткен болар, егер де олай болмаса, сізге дұрыс бағытты өзіңізге табуға тура келеді. Әдетте, ақпараттық абстрактілер көлемді зерттеулер үшін, ал сипаттамалы абстрактілер қысқа мақалалар үшін қолданылады.

Сипаттамалы абстрактілер сіздің жұмысыңыздың мақсаты мен міндеттерін, қолданылған әдіс-тәсілдерін түсіндіреді, бірақ нәтижесі бар бөлігін қамтымайды. Ол, әдетте, барлығы 100-200 сөзден тұрады.

Ақпараттық ^абстрактілер барлық сіздің зерттеулеріңізді нәтижелерімен бірге шолуға арналған мақалаңыздың ықшамдалған нұсқасынан тұрады. Олар сипаттамалы абстрактіден анағұрлым көлемдірек және бір параграфтан толық бір бетке дейін көлемнен тұруы мүмкін.

Екі стильде де мазмұндалған негізгі ақпарат бірдей, басты ерекшелігі нәтижелер тек ақпараттық абстрактіге енгізілген, ал ол сипаттамалы абстрактіден анағұрлым көлемдірек.

Dar boramon admin

Инчунин кобед

belyiy-parohod-1

ДӘРЬЯ БОЙЫНДАҒЫ КЕШ

1 Қолында китабы, көзлери ойшаң, Көшеде асықпай барар Арыухан, Қызғыш биртартары от қусап лаулап, Желбирер …