05/12/2024
Home / Ilm / Ақ кеме оқиға – Шыңғыс Айтматов

Ақ кеме оқиға – Шыңғыс Айтматов

Ол екі ертегі білетін. Біреуі – өзінен басқа тірі жанға белгісіз – сөби қиялынан туған. Екін- шісін атасы айтып берген. Кейін екеуі де ғайып болды. Айтайын дегенім де сол еді.

Ол жылы баланың жетіні толтырып, сегізге аяқ бас- кан кезі.

Алдымен портфель сатып алынды. Жылтыраған сыдыртпалы бауы, кішкентай құлпы бар кара портфель еді, майда-шүйде салатын кішкентай қалтасы және бар. Пор­тфель болғанда қандай! Осы күнгі оқушы балалардың қолынан күнде көріп жүретін кәдуілгі портфель бар емес пе, – сол. Бар гәп осыдан басталды.

Атасы оны жол-жөнекей соға кеткен автолавкадан сатып алған. Таудағы малшыларға шай-қант, киім-ке- шек, кездемелер апарып жүретін автолавка анда-санда Сантас қойнауындағы орман қорығына да соғатын.

belyiy-parohod-1

Осы бір қорықшалар отырған қотаннан жыныс шат- қал, аңғар сайларды аралап, жоғары қарай жамырай өскен тау орманы бар. Бұл қотанда небөрі үш-ақ үй тұрады. Автолавка мұндағы орманшыларға тым жиі соқ- пағанымен, кейде бұрыла кететіні бар.

Үш үйдің ортасындағы жалғыз ер бала автолавканы алдымен көруші еді.

– Келе жатыр, машина магазин келе жатыр, – деп екі санын шапаттап, есік-терезелерден айкай салып, сүйінші сұрайтын.

Ыстықкөлдің жағасынан басталатын арба жол көл жиегін бойлай отырып, ойлы-қырлы машақаты мол шат- қал сайлары қуалай, өрең дегенде бұларға да жететін.

Мұндай жолмен жүрудің өзі оңайға түспейді. Қарауыл тауының етегіне келгенде, шыңырау түбінен төмен қарай әзер жылжып, орманшылардың ауласына келіп бір-ақ тоқтайды. Қарауыл тауы болса тиіп тұр, жаз келісімен бала құдайдың құтты күні осы таудың басына шығып алып, дүрбісімен Ыстықкөлге карайтын. Жол үстінде келе жатқаннын барлығы – атты-жаяулысы болсын, ма- шина-тракторы болсын бәрі де алақандағыдай айқын көрінеді.

ФИЛЬМ КИНО  1975

Жаздың бір ыстық күндерінің бірінде тоғандағы суға шомылып жатқан бала, таудан бермен түсіп келе жатқан машинаны көрді. Тоған есіктің алдында ағып жатқан тау өзенінің жайпауыз жағасында кұм киыршақ, бөрге тас- тардың үстіне салынған. Мұның өзін таспен қалап бер- ген атасы. Егер осы тоған болмаса, бұл бала әлдеқашан тірлікпен қоштасар ма еді, кім білсін. Әжесінің айтуына қарағанда, мұның сүйегін саудыратып адуын тау өзені әлдеқашан Ыстықкөлге айдап апарып, тастар еді. Көлдегі балықтар, бақа-шаяндар мұның сүйегіне мәз боп жүрмес пе. Мұны ешкім кайғырып, қынжылмайды, бұл суға кетсін, отқа түссін, басқаға керегі шамалы. Шүкір, әзір беті аулақ, ондайдан аман. Егер солай бола қойған күнде, құдай біледі, мынау әжесі құтқарам деп қол ұшын беруге ұмтылмас. Қанасынан шықса бір сәрі, өзінен тумаған соң бөрібір – кемпірдің айтуына Караган­да бұл өгей бала. Өгейдің аты қашанда өгей, қанша ба- ғып-қаққанмен өгейлігіне баса береді. Өгей деген не сұмдық… Япыр-ау, мұның өгей болғысы келмесе қайтеді? Қаршадай басынан неге бұл өгей атанады? Мүмкін, бұл бала емес, сол кемпірдің өзі өгей шығар?

Жарайды, бұл туралы да, атасының қалап берген то- ғанына да кейін оралармыз…

Сонымен жаңағы автолавканы көрді. Ол таудан еңсе- лей түсіп келе жатқанда, артында будақтаған шаңы бұлтқа шапшыды. Баланың қуанышында шек жоқ, дәл осы жолы өзіне портфель алынатынын сезгендей жүрегі алып ұшады. Судан жалма-жан атып шықты да, тырай- ған денесіне ыштанын іле салып, мұздай суда жаураға- нына қарамастан, үстін кептіруге де қарамай автолавканың келе жатқанын алдымен хабарлау үшін жалғыз аяқ жолменен аулаға беттеп түра жүгірді.

Тастардан секіріп, бұталардан атыла жөнелген бала алды-артына қарайтын түрі жоқ, секіре алмағанынан ой- қастай өтіп, еш нәрсеге тоқтамайды. Бұл маңайда өскен бұталар да шөптер де, мынау жатқан дөңбек тастар да баланың ойынша тегін емес. Бұлардың, баланың өздеріне назар аудармай бара жатқанына ренжіп, аяғынан қағып қалуына болады ғой. “Магазин машина келді! Мен саған кейін соғамын”, – деді ол аптығып, “шөгіп жатқан түйеге”. Белуарынан жерге сіңіп кеткен мына бір сарғылт тасты ол осылай атайтын. Былайғы күндері оның жанынан тегін өтпейтін, әрдайым сол “түйенің” өркешінен сипайтын. Атасы, өзі мініп жүрген шолақ мәстегінің жал-құйрығынан “сен осы жерде тұра тұр, мына шаруаны бітіріп алайын” деп қалай сипаса, бұл да тас түйесін солай мәпелейтін. Мұның ана бір таска қойған аты да кызық: ортан беліне дейін ағарып келіп, жогарғы жағы қошқыл қараға айналатын тасты ол “ерттеулі ат” дейтін. Кейде үстіне шығып алып, атқа мініп бара жатқандай мәз болатын. Мұның “қасқыр” деп атайтын тасы да бар.

Осы бір көк шулан тас жалы тікірейіп, қойға шапқалы түрған қасқырдан айнымай- тын. Бұл оған әрдайым еңбектеп барып, үстіне қарғып мінетін. Ең жақсы көретін мынау жаркабақтың басында енді өзенге қойып кеткелі түрғандай асылып қалған тас­ты бүл “танк” деп атайтын. Осы танк қазір өзенге койып кетсе, өзеннің суы бүрынғыдан да ак көбік атып, бүрқы- рай жөнелгелі тұр. Өзінің кинода көріп жүрген танкілері ылғи сүйтеді ғой. Ағысты баса көктеп тартқаны қандай ғажап десеңізші… Бала киноны сирек көретін, сондық- тан да оның көргенінің барлығы көкірегінде сайрап қала береді. Атасы кейде таудың арғы етегіндегі совхоздағы асыл тұқымды мал фермасына келген киноға апаратын, сонда осы танкілердің талайын көрген-ді. Мынау өзен жағасындағы суға қойып кеткелі тұрған танк содан кейін пайда болған. Осы маңайда “қайырымды”, “қаты- гез” тастар да бар. Кейбіреулеріне “ақымақ тас”, “айла- кер тас” деп те ат қойған.

Өзен жағасына өскен бұта шөптерге де “Сүйкімді”, “Қорқақ”, “Батыр”, “Ашушақ” деп неше түрлі аттар қоятын. Әсіресе мұның ата жауы мынау түрған тікенек қалуен, бала мұнымен талай шайқасқан. Құртамын деп талай рет белін үзіп, тамырын жұлып күніне он қайтара шабуыл жасағанмен, бұл шайқастың шегі болмайтын, ол одан сайын өршіп өсе беретін. Мінеки, мынау жатқан шырмауық, қанша арам шөп болса да өзі ақылды, гүлдері қандай тамаша. Осы маңайдағы өсімдіктердің ішінде жаңа шығып келе жатқан күн шұғыласын алды- мен құшақ жайып қарсы алатын осы. Басқа өсімдіктерге ертені не, кеші не, дөнеңеге түсінбейді, оларға бәрібір. Ал шырмауық болса, мұның жөні басқа.

Күннің шапағы түсе бастаса-ақ көздерін ашып, күліп қоя береді. Алды- мен бір көзін ашады, одан екіншісін, сөйтіп бірінен соң бірі каулап қоя береді де, бүкіл гүл жайнап, жадырай жөнеледі. Ағы, көкшілі, сарғышы самсап көңіл қуантып, көз тойдырады… Егер осылардың жанында үн шығармай бағып отырсаңыз, өздері жаңа ғана оянып, бір-бірімен сыбырласып сөйлесіп жатқан сияқты. Бұлардың осы сы- рын құмырсқаға дейін біледі. Күн шығысымен олар осы шырмауықты бойлай, ерсілі-қарсылы жүреді де, кейде кілт тоқтап қалып, гүлдердің өзара сырласып жатқанын тыңдайды. Мүмкін, бұлар өздерінің, түнде көрген түсін бір-біріне баяндайтын шығар?

Күндіз, бала түс таянғанда мынау қаулап өскен Шы- ралжынның ішіне барып жатқанды жақсы көреді. Гүл жармайтын, биік өсетін Шыралжын өзінің хош иісіменен бауырына тартады. Бұл бірі мен бірі тамырласпай, әр жерде аудан-аудан боп өседі. Және мұның маңына қоныс- тас болуға басқа өсімдіктің шамасы келмейді. Шыралжын баланың нағыз досы, әсіресе, әлденеге ренжіп, көңілі жа- бырқағанда, ешкімге көрінбей осының ортасына келіп, жасырынып жылап алады. Мұның иісі сонау қалың қара- ғайдың иісінен айнымайды, шыралжынның ішіне кірсең жып-жылы.

Оның үстінде, аспанды анық көріп жатасың. Шалқаңнан жатып алып, көк аспанның түңғиық теңізін барлап жатқан деген қандай рақат! Алғаш, көзің жасқа толып кеткенде дөнеңе көрмейсің. Содан кейін бұлттар жылжып келеді де, аспан өрінде сен не ойласаң, соның бөрін істейді. Бұлттар бөрін біледі, сенің қазіргі жабыр- қау халіңе көңіл айтқандай, бүкіл дүниеден безіп, қанат байлап ұшып кеткелі жатқаныңды ол да сезеді. Осындай- да “ойпыр-ау, бала жоғалып кетті ме, енді қайдан таба- мыз?” деп жүрт абыржып жүрсе, қандай қызық болар еді… Сондықтан жүртты өбігерге салмай, осылай жатқа- ныңды бұлт мақұл көреді де, аспан өріне неше түрлі өрнектер салып, қимыл-қозғалыстарымен қызығына баты- рады. Бүлтта ақыл бар дейтінім сол, – өйткені ол сенің ойыңдағыны табады. Бір аудан бұлт сол баяу қимылының өзінен неше түрлі ойыншықтардың суретін салады. Әңгіме сол бұлттар салған суреттің не екенін жіті аңғаруда.

Шыралжынның іші сондай, құлаққа ұрған танадай ты- ныш. Қанша биік болғанмен, сенен аспанды жасырмайды. Шыралжынның бір ғажабы хош иісі мен осы мінезі…

Өсімдіктер туралы бул бала көп нәрсе біледі. Анау жайылымда өсетін күміс қылаулы селеуге кейде менсінбей қарайтын. Селеу негізінде ақымақ болу керек. Басында ми жоқ, нағыз қалтақ бастың өзі. Оның басын- дағы үпілдірігі желсіз күн көре алмайды, үп етіп самал соқса-ақ солай қарай еңкейіп, мәз болып қалады. Және біреуі болса екен-ау, сол жайылымдағысының бәрі қатаң бүйрық алғандай, селеу дегенің безек қағып, ұшарға қанат жоқ, кірерге жер жоқ, әбден берекелері қашып, жер жастанып, бірінің үстіне бірі құлап жатқаны. Әттең, аяғы жоқ, аяғы болса беті ауған жағына тура қашудан тайынбайды… Бірақ бұлар қу, осының бәрін әдейі істейді, найзағай басылып, жаңбыр тоқтасымен қайта- дан бастарын көтеріп, жел қалай соқса, солай иіліп- бүгіліп тұра береді…

Өзімен бірге ойнайтын достары жоқ бала осындай та- биғаттың ортасында өзімен өзі болып жүре беретін. Жаңа ғана көрінген автолавка осылардың бөрінен қол үзіп, тұра жүгіруге мәжбүр етті. Қанша дегенмен, авто­лавка саған мынау жатқан тастардан, айнала қоршаған өсімдіктерден өзгеше ғой. Автолавкада керек дүниенің бәрі бар!

Бала үйге жақындағанша, қотанның сырт жағынан ав­толавка да аулаға келіп кірді. Бұл жердегі үйлердің есік- терезесі өзенге қараған. Сол қорадан басталатын жайпа- уыт алаң өзеннің жиегіне барып тоқтайды. Өзеннің арғы беті жаркабақтанып кетеді де, тау беттеген орман ішіне жалғасады. Сондықтан қотанға келетін жол үйдің арқа- лығында. Егер бала жүгіріп келмегенде, автолавканың қораға кіріп тұрғанын да ешкім байқамайтын еді.

Қазір еркек атаулыдан ешкім жоқ, бәрі де таң сәріден шаруаларына кеткен. Әйелдер болса үйдің кәкір- шүкірімен айналысып жатқан. Бала келісіменен:

– Магазин машина келді, магазин машина келді! – деп ашық есіктерден азан-қазан айқай сала жөнелді.

Әйелдер абыржып қалды, өздерінің тиын-тебендеп жинаған ақшаларын іздеуге кірісті. Бәрі де үйлерінен бірімен бірі жарыса шықты. Ең ар жағы кемпірге дейін:

– Көрдіндер ме, айналайын, ең алдымен осы байқай- ды бәрін, – деп баланы марапаттаған болды.

Мұны естігенде бала осы автолавканы өзі алып кел- гендей мәз-мейрам бон қалды. Қазір бұдан бақытты ешкім жоқ, өйткені қуанышты хабарды әкелген өзі. Міне, осыларменен жарыса қақтығысып, автолавканың ашыл- ган есігінің алдына бүл да жетті. Лавкадағы мүлікті көрісімен-ақ әйелдердің баланың бар-жоғымен ісі болған жоқ. Мұны қайтсін олар. Лавкадағы мүліктерді көргенде естері шықты. Небәрі үш-ақ әйел, әжесі, Бекей апай, Бе- кей апай болса – осы баланың туған шешесінің сіңлісі, осы қотандағы орман қорықшыларының бастығы Ораз- құлдың әйелі.

Үшіншісі – орман жұмысшысы, қолына емшектегі қызын көтере шыққан, Сейдахметтің келіншегі Гүлжамал. Не бәрі үш әйел болғанмен, бір қора адам- дай ауланы бастарына көтерді. Лавканың мүліктерін аударыстыра-төңкерістіре, бірінен соң бірін жұлқылап, өбден берекесін алып бара жатқан соң дүкенші “шула- маңдар енді, былай бір тәртіп сақтасаңдар еді”, – деуге мәжбүр болды.

Дегенмен, мүның айткан уәжі әйелдерге онша эсер ете қойған жоқ, ең алдымен барлығын алатын адамдай бәрі де жаныға ұмтылып, аздан соң таңдай бастады.

Енді таңдап алғанын қайтарып беріп жатыр. Шетке шы- ғарып қойып, жазып көріп, қайта-қайта өлшеген болып, бір нәрсені он қайтара сұраумен болды. Біреуі ұнамай- ды, ана біреуісі қымбат, мына біреуісінің түсі келіспейді екен… Бала шеткерілеу тұрған. Сауданың берекесі көрінбейді. Машинаны алғаш көргендей қуаныш, алып ұшқан жүрек қайда кеткен, осынша неге қуанды, осынша аптыққаны несі? Енді оның көз алдында автолавка тек қана әр түрлі қоқырсыған зат тиеп алған қарапайым ғана машина болып көрінді.

Мына шуылдақ әйелдердің еіптеңе алып оңдыратын түрі жоқ. Сатушы ренжи бастады. Соншама тау-тасты кезіп, осы қуысқа несіне келді екен?

Айтқанындай-ақ болып шықты. Әйелдердің де ап- тығы басылып, бәрін көріп-біліп алған соң, шаршап қал- ғандай-ақ самарқау тартты. Енді бұлар сатушының ал­дында өзара әр түрлі себеп-дәлелдер айтып, кешірім сұрағандай сыңай танытады. Ең алдымен ақшаның жоқ- тығын бастаған кемпір болды. Тегін дүние жоқ, ақшаң болмаса не алмақсың? Бекей апай болса, байымен ақыл- даспай қолға ілінер дүние алуы неғайбыл. Дүние жүзінде өйел атаулының ішіндегі ең бақытсызы осы Бе­кей апай, өйткені өмірі пұшпағы қанамаған, баласы жоқ. Ішіп алған сайын Оразқүл осы бір қасіретін бетіне ба- сып, таяқтан айырмайды. Мүның барлығы, әсіресе, ата- сына ауыр. Туған қызының бұл халін көрген сайын бір өліп, бір тіріледі. Бекей апай бір-екі майда-шүйдемен қоса екі жартылық арақ алды. Мұны несіне алғанын өзі білсін, бұл арақтың арты өзіне таяқ, кемпір шыдамады:

– Мұның не, бейбақ-ау, өз сорыңа сатып алып тұрмы- сың? – деді, сатушыға естірмей сыздана сыбырлап.

– Жұмысың болмасын, өзім білем, – деп Бекей апай шолақ қайырды.

– Жетісерсің, миғұла, – деді кемпір табалай тістене. Егер мына сатушы болмаса, Бекей апайды жерден алып жерге салуға даяр. Ойбай, бұлар бір-бірімен ұрысқанда төбе шашың тік тұрады…

Гүлжамал өз жағдайын айтып, ақталып шықты. Өйткені ұзамай Сейдахмет қалаға барады, ақшаның көбі қалалы жерде жұмсалады ғой. Сондықтан бұл жерден еш нәрсе алғысы келмей отыр, бар себебі сол екендігін түсіндірді.

Осылайша автолавканың айналасында болған хикая сатушының айтуына қарағанда, соқыр тиынның саудасы, мың сомның айқай-шуы боп шықты. Әйелдер үйді-үйіне тарқады. Бүйткен саудасы қүрысын. Кетіп бара жатқан қатындарға қарап, бір түкірді де, дүкенші аударылып, шашылып қалған заттарын жайғастыра бастады. Енді машинаға от беріп, кетуге бет алды. Осы сәтте әлі селтиіп тұрған балаға көзі түсті.

– Әй, қалқаң қүлақ, саған не керек? Бұл қай тұры- сың? – деді ол. Шынында да, баланың күлағы үріккен текенің құлағындай алдына қарай еңкіштене біткен екен. Мойны ырғайдай, қауақ бас қара балаға қызыға қарап: – Бірдеңе алғың кеп тұр ма, ей? Бол енді тезірек, әйтпесе жабамын. Ақшаң бар ма өзіңнің?

Сатушы баланың көк тиыны жоғын біліп тұрса да, әдейі әзіл араластырып айтып еді, бала оған байсалды:

– Ағай, менің ақшам жоқ қой, – деп басын шайкады.

– Қой, олай деме, сенде ақша бар. Сендер осындағы нағыз ақшалы қалтаның өздерісіңдер. Әпіейін жарыма- ған боп көрінгілерің келеді. Анау қалтаңда ғой біраз ақша бар, жасырып тұрсың ғой, ә? – деді, әдейі сенбей түрған адамша әжуа аралас үнмен.

– Жоқ, көк тиыным жоқ, ағай, – деп бала шын пейілімен жыртық қалтасын айналдырып көрсетті. (Екінші қалтасын тігіп тастаған екен).

– Е, мына жыртық қалтаңнан ақшаң түсіп қалған екен ғой. Ойнап жүрген жеріңді барып қара, тауып алар- сың. Екеуі де аз уақыт үнсіз қалды.

– Сен кімнің баласысың, ей? Осындағы Момын шал- дың баласы ма едің? – деді тағы да дүкенші. Бала жа- уап орнына басын ғана изеді.

– Шамасы, немересі боларсың?

– Иә, – деді бала тағы да басын изеп.

– Шешең қайда?

Бала тіл қатпады. Бүл жайлы еш нәрсе айтқысы келмеді.

– Осы сенің шешең өзінің қайда жүргенін де сездірмейді-ау, шынымен білмейсің бе?

– Білмеймін.

– Әкең ше? Оны да білмейсің бе? Бала үндеген жоқ. – Ау, досым-ау, сенің ештеңе білмегенің қалай? – деді дүкенші қуақыланып. – Жарайды ендеше, олай болса амал не, әкел қолыңды, – деді де бір уыс конфет ұсын- ды. – Сау бол, енді!

Бала ұялып бата алмады.

– Мө, ал деймін! Сенімен ырғасып тұратын уақыт жоқ, кетуім керек, шырағым.

Бала конфетті калтасына салып алып, енді машина- ны шығарып салу үшін ыңғайлана берді. Алдымен барақ жүнді Бәлтек төбетін шақырды, бүл өзі ертеден қара кешке көлеңкеде жататын нағыз маубас ит. Осы итті үстап керегі не, көзін жоғалтып атып тастаймын деп Оразқұл талай ұмтылған, оны атасы: “Әуелі бір касқыр ит тауып алайық, сосын бір жаққа апарып қаңғыртып тастап кетерміз”, – деп сақтап келген. Бәлтектің, ит деген аты болмаса, ең ар жағы күніне бір үруге ерінетін, қар- ны тойса жатып алады да, қарны ашқан кезде көрінгенге қүйрығын бұлғақтатып, телміреді де жүреді. Оған өзінің танитыны болсын, танымайтыны болсын – бөрібір. Тек телміруден баска кәсібі жоқ. Бәлтек деген итіміздің бар қасиеті осы. Кейде әбден еріккеннен машинаның соңы- нан жүгіретіні бар. Оңда да көп ұзамайды, бір шама сел- теңдеп барады да, әлденеден шошынып үйге қарай тұра қашады. Мұндай да сенімсіз ит болады екен. Қанша де- генмен, бала үшін осы итпен жарыса жүгірген рақат. Айналасында өзімен ойнайтын тірі жан табылмағанда, иттің өзі едәуір серік. Жаман болсын, жақсы болсын, иттің аты ит қой…

Дүкеншінің көзін ала беріп, бала Бәлтекке бір кон­фет тастады. “Мықты бол, біраз жүгіреміз әлі!” – деді ол итке ескертіп. Бәлтек ананы қағып салды да, тағы нең бар дегендей, қыңсылай құйрығын бұлаңдатып жетіп келді. Бала енді тағы бір конфет тастауға бата алмай тұр. Дүкенші ренжіп қалуы мүмкін ғой. Өйткені ол бір уыс конфетті итіңе бер деген жоқ қой.

Дол осы кезде атасы көрінді. Шал омартаға кеткен еді. Ол жақта жүргенде үйдің сыртында не болып, не қойып жатқаны көрінбейді. Дэл осы жолы автолавка ор- нынан қозғалмай тұрғанда, келіп қалғаны ғажап болды. Бұл да бір сәті түскен іс. Бұлай болмағанда немересіне портфель алынбайтын еді. Бала үшін дәл осындай олжа- лы күн болған емес.

Момын шалды осы маңайдағы салауатты жұрттың барлығы Елпек Момын дейтін. Қайда барса да мүны та- нымайтыны жоқ, шал да бәрін біледі. Елпек атануы шалдың өзінен, өйткені бұл үлкен болсын, кіші болсын бәріне қол ұшын беріп, көмек көрсетуге әрдайым дайын тұрады. Туыс болсын, коз таныс болсын, істейтіні сол, бәріне дайын, бәріне қайырымды, бәрінің іші-бауырына кіріп тұрады. Бірақ мұның осы бір мейірімді елпек мінезі еш уақытта бағаланып көрген емес. Алтынды тегін шаш- қан қандай құнсыз болса, мұның еңбегі де сондай баға- сыз. Момынның жасындағы шалдар ие болатын құрмет- іззеттің бірде-бірін бұл адам баласынан көрген емес.

Мұны елеп, есіркеп жатқан ешкім жоқ. Үлкен ас берілсе, той-томалақ болса әсіресе бұғы әулетінің белгілі кісісінің астары болса, бар жүмыстың басында Момын жүреді. Өйткені мұның өзі де осы Бұғы руынан. Өзінің руласының, ас, құдайыларының бірде-бірінен қалып көрген емес. Өзінің осы рудан екендігін зор мәртебе, мақтаныш санайды. Мұндайда мал сою, қонақты қарсы алып аттан түсіру, көлік жайғастыру, шай қою, қазан асу, су тасу отын жару сияқты жұмыстардың бөрі Мо- мынның мойнында. Жан-жақтан соншама қонақ жинал- ған астардың тірлігі аз бола ма? Момынға не тапсырса бәрі қас пен көздің арасында бітіп жатады. Кейбі- реулердей бұл қай шаруадан болса да бас тартпайды. Осынша топырлаған қонақты тамақтандыру, шай беру сияқты жұмыстар ауылдағы келін-кепшіктерді қанша әбігерге салғанмен, солардың ортасында Момын жүреді. Сондықтан да олар:

– Елпек Момын болмаса, біз түк бітіре алмас едік, – дейтін.

Сонша жерден немересін ертіп келген шал барған жерінде самаурын қойып, жігіт-желеңнің жұмысына өзі кірісіп кетеді. Момыннан басқа біреу болса, мұндай іске қорланып, терісіне сыймас еді. Ал Момын бәрібір, шы- бын шаққандай көрмейді.

Елпек Момынның қонақтарды осылай жайғастырып жүрген қылығына ешкім таңданбайды, сондықтан да ол өмір бойы Елпек Момын атанып келе жатыр. Елпек Мо­мын атанғанына өзінен басқа ешкім кінәлі емес. Егер біреу “Ақсақал, бала-шағаның ісіне араласып неңіз бар, бұл елдің жас жігіттері мен әйелдері не бітіреді?” – дей бастаса, Момын: “Марқұм, менің туысым еді (Бұғы руы- нан шыққанның бәрін туыс санайтын, ас иесінің, “туыс- тығы” осы келген қонақтарға қандай болса, бұған да сон- дай). Олай болса, бұл қызметті мен істемегенде, кім істейді? Барлығымыздың түбіміз бір ғой. Әруағыңнан ай- налайын, осы әулеттің бәрі Бұғы анадан тарайды ғой, ол бізге бір-біріңмен тату, мейірімді болыңдар, бір-біріңді сыйлаңдар, қолдаңдар, деп кеткен жоқ па?..” – дейтін.

Міне, Елпек Момын шалдың мінез-құлқы, бар болмы- сы осы.

Үлкен болсын, кіші болсын, мұнымен “сен” деп сөй- леседі. Кейбіреулер өзілдеп, өзінің қүрдасындай ойнаса да, оған ренжіп қабақ шытатын шал жоқ. Мұнымен ешкім санаспайды, оған ренжіп жатқан Момын жоқ. Тегінде, жұрт құрметтемесе өзің кінөлі, құрметтесін дейтін болсаң кеудеңді көтеріп, маңғаз бас аяғыңды деп бекер айтпайды ғой. Мұның бәрі Момын шалдың қолы- нан келмейтін көсіп.

Өмірде бұл шал бес аспап – ағаш жону, есік-терезе жөндеу, шөп шабу, күде тұрғызу – өйтеуір қолы тиген шаруаның қай жағы болса да, тап-түйнақтай болып шыға келеді. Жас күнінде Момынның тұрғызған күдесі өзгеден оқшау, тиянақтылығы сонша, қанша нөсер жаң- быр жауғанмен, мұның жиған шөбі шірімейді. Итарқа етіп тұррызған күдеге жауын да сіңбейді, қар да тұрмай- ды. Соғыс кезінде еңбек майданына барып Магнитогор- дың заводтарының қабырғасын қалап, стахановіпы да атанды. Қайтып келіп, осы қорықта ағаш үй салып алды. Орман ісімен айналысты.

Былайынша қарапайым жұмыс- шы болғанымен осы орманды бағып отырған Момын, Бас- тык деген аты болмаса, күйеу баласы Оразқұл уақытын көбінесе ел қыдыру, қонаққа барумен өткізеді. Әлдеқа- лай үлкен бастықтар келіп қалғанда, Оразқұл бәрін өзі бітіріп отырғандай орманды аралатып, аңға шығарып, жік-жапар болып жүреді. Қолдағы аз ғана мал да, омар- та да – бөрінің тірлігі Момынның мойнында. Ертеден қара кешке дамыл таппайды. Жұмыстан қолы босамай- ды, сөйтіп жүріп, өзін құрметтейтін тірі жан көрген емес.

Былай, сырт пішініне қарағанның өзінде де Момын- ның ақсақал аталатындай қауқары шамалы. Жұрт қатар- лы байсалды жүру, сес көрсету, өз орнын табу дегеннен құр алақан. Мұндай мейірімді, аңғал, ақ көңіл, қауқыл- дап тұрған бала мінез адамның жүрттан сый-күрмет күтуі де қиын. Мұндайларды өмір бойы “қайырымды болма, қатыгез бол, саған керегі осы, қатыгез болсаң ғана халық қатарында жүресің”, – деп қаншама тоқпақ- таса да олар өзгермейді, сол қалпында, сол қайырым- мейірімнен қол үзбей қала береді. Иман жүзді, мейірбан шал әр уақытта “Саған не керек? Жаның не қалайды? Не жақсылық істесем ойыңнан шығам? Айтсаңшы енді өзің? Мен сенің қай кәдеңе жарармын?” деп әрдайым тіленіп-сұранып түрғандай.

Осы шеміршексіз май мұрын, үйрек тұмсық, орта бой- лы, қағылез шал ертеден қара кешке балаша домалайды да жүреді.

Құдай бұған жарытып сақал да бермеген. Сақал емес, сайқымазақ. Шыбын тайып жығылардай жылтыр иегінде үш-төрт сары қылтанақ ербиеді. Сақал дегенде бар байлығы сол ғана.

Кейде жол үстінде кездесетін бір инабатты ақсақал- дар болады, олардың жарау аттың үстінде отырысы да маңғаз, сақал деген бір құшақ, мол пішілген ішік, елтірі жаға, сегіз өрім қамшы, құндыз бөрік, қарасаң көз той- дырады. Ер-тұрманының өзіне күміс шаптырған, оларға амандаспай, тағзым етпей ешкім өте алмайды. Анадай- дан көрінгеннен пайғамбар келе жатқандай сес тастай- ды. Сәлем бермей көрші! Момын болса сол о бастан Ел- пек Момын боп туа салған.

Тек бар бойындағы бір қасиеті өзінің беделін, өзінің жасын жұрттың алдында елемеуге, мән бермеуге бойын өбден үйретіп алған. (“Бұлай отырма, бұл сөз сенікі емес, неңе жетісіп ыржия- сың? Сандалмай отыр. Олай емес, былай емес” – өмірі естіп келе жатқаны осы. Сүйтіп жүріп Момын өзін дүниедегі бақытты адамның бірімін деп санайды. Кейбір адамдар көбіне науқастан гөрі, мықты боп көріну үшін, ақылды атану үшін, жұрттан артық саналу үшін, соны арман етіп, бар жігер-қуатын соған жұмсап, дегеніне жете алмай өледі. (Кімнің ақылды болғысы келмейді, кімнің көрікті болғысы келмейді, кімнің атақты болғысы келмейді, кімнің өділ, кімнің қатал, кімнің батыл болғы- сы келмейді дейсіз?..)

Ал Момын болса, мұның бәрінен жұрдай. Ол бір аңқау, кем ақыл, есуас, – жұрттың бәрі, шынында, солай ойлайды.

Бұл дүниеде Момын ренжитін бір-ақ нөрсе бар, егер біреудің асы берілгелі жатса, ағайын жиналып ақылдас- қанда, Момынды шақырмаса бітті… Бұған ол қатты күйзеледі, өзін-өзі іштей жеп әбігер болады. Елемеді деп өкпелейді. Елеген күнде де бұдан ақыл сұрап жатқан тірі жан жоқ, тек ішінде болса болды. Мұның ойлайтыны ата-бабадан келе жатқан дәстүр бүзылмаса екен, түқым- дас емеспіз бе, – деген ғана.

Момынның да өз бойына лайық қайғы-қасіреті жетерлік. Сол ішті жегідей жеген қапас ойдан шыдамай кей түндері жылап та алады. Оны бөтен көз ешкім көрмейді, біліп жатқан да бөгде адам жоқ.

Бірақ жақындары біледі.

Жаңа Момын, немересін автолавканың жанында тұрғанын көргеннен-ақ, оның әлденеге ренжіп тұрғанын бірден сезе қойды. Дүкенші бөтен адам болғандыктан ең алдымен шал соған беттеді. Атынан қарғып түсті де, екі қолын үсынып, ұмтыла берді.

– Ассалаумағалайкүм, байекесі, – деді ол әзіл ара- ластыра. – Қалай, керуеніңіз аман-есен жетті ме, сауда- ңыз сәтті жүріп жатыр ма? – деп өзі мәз-мейрам болып, дүкеншінің қолын қайта-қайта сілкіп, – көрмегенімізге қаншама заман болды, хош келіпсіз!

Шалдың бұл сөзіне немқұрайды күле қараған дү- кенші, мүның тозығы жеткен керзі етігіне, кемпірі тіккен кенеп дамбалына, әбден илеуі қанған пенжагіне, күнге қақталып жаңбыр сіңген қара қоңыр қалпағына көз тас- тап, Момынға жауап қатты:

– Керуен қалпында. Байекесі, өздеріңе арнайы келсе, сендер орман аралап, сай сағалап бет-бетіңе қашып кетесіңдер, мұны қалай түсінеміз? Әйелдеріңе болса, “бір тиын шығарсаңдар жаның бірге шығады” деп тапсы- расыңдар-ау, шамасы. Қанша мүлікті үйіп-төксең де көк тиын жұмсайтын сыңайлары жоқ.

– Айналайын, айыпқа бұйырма. Сенің келетініңді білсек табан қақпай отыратын едік қой. Жоққа жүйрік жетпейді, ақшаның жоғы рас. Мына күзге қарсы картош­ка сатып, былай нетіп, – деді шал өзінен өзі қысылып.

– Мұндай ертегі маған түсінікті, – деді дүкенші оның сөзін бөліп. – Сендер сияқты шіріген байларды білеміз. Бүкіл тауды билеп отырсыңдар, жер жетеді, шәп жетеді. Қаншама байлық сендердің қолдарыңда. Үш күн жүрсең шегіне шыға алмайтын орман мынау. Мал ұстайсың ба, ұстайсың! Омартаң бар ма, – бар. Тиын шығаруға келген- де қалтырап қоя бересіңдер. Неге алмайсың мына жібек көрпені? Мына тігін машинасынан біреу-ақ қалды…

– Құдайдың бір ақына, шырағым, ондайға ақша жоқ, – деді Момын шал өзін-өзі ақтап.

– Дөл осы сөзіңе сене қояды деп тұрмысың? Саран- сын, шалым, сараңсың. Ақшаны басып жатырсыңдар, қайда жұмсайсыңдар сонда?

– Құдай білер, Бұғы ананың әруағымен ант етемін.

– Мына ши барқыттан ал ендеше, тым болмаса бір дені сау шалбар киерсің.

– Алар едім, амал қанша, Бүғы ананың өруағы атсын тартынсам…

– Ой, сеніменен сөз бітпес, – деді дүкенші қолын бір сілтеп. – Бекер келген екенмін, Оразқұл қайда?

– Таңертең кетіп еді, Ақсай жаққа беттеді-ау деймін. Сондағы малшыларда шаруасы болса керек.

– Қонақтап кеткен ғой, шамасы, – деді дүкенші түсіндім дегендей.

Қолайсыз үнсіздік басты.

– Шырағым, сен енді ренжіме, қүда қаласа күз бас- талысымен картошкаларымызды сатып… – деді Момын ар жағын айтпай.

– Күзге дейін өлі қанша уақыт бар.

– Қайтеміз, енді ренжіме, өйтеуір. Ал енді тәңір жа- рылқасын, үйге кіріп шай ішіп шық.

– Шай ішіп отыруға келген жоқпын. Шаруам жетерлік, – деді дүкенші.

Ол лавкасының есіғін жаба берді де, шалдың қапта- лында итінің құлағынан үстап, машинаның ізінше түра жүғіруге дайын тұрған оның немересіне көзі түсті.

– Тым болмаса портфель алсайшы, мына баланың оқуға баратын кезі болған жоқ па? Жасы нешеде өзінің?

Дүкеншінің мына сөзі Момынның ойынан дәл шық- қандай болды. Бұдан бірдеме алып қалмаса, тым өкше- леп бара жатыр. Шынында да, портфель керек болғанда қандай, немересі биыл күзде мектепке барады ғой.

– Мынауың ақыл болды-ау, – деді абыржып қалған Момын, – ойыма да келмепті. Биыл жетіден сегізге шы- ғады ғой, бері жакындашы, қалқам! – деп немересін ша- қырды.

Шал қалтасын қарманып, жасырып жүрген бес сом- дығын шығарды. Қай заманда қалтасына салғанын өзі де білмейді.

– Үста мынаны, ей, қалқан құлақ! – деді дүкенші қулана көвін қысып, балаға портфельді берді. – Енді оқы, сауатыңды ашпасаң – мынау атаңмен бірге таудың тағысы болып қала бердім дей бер.

– Оқығанда қандай! Бұл өзі пысық, ақылды, – деді Момын шал, қайырып алған тиынын санап жатып.

Қолындағы судай жаңа портфельді ыңғайсыздана ұстап тұрған немересіне көЗі түсіп, өзінің бауырына тартты.

– Mine, сәті түсті деген осы. Күздігүні енді мектепке барасың, – деді ақырын ғана. Өзінің көн жарғақ боп кал­ган алақанымен баланың басынан сипады.

Осы сөтте баланың көмейіне бірдеңе кеп тығылған- дай, жүрегі алабұртып кетті. Атасының киімдерінің қоңырсық иісі мен тарамыс боп қалған жүдеу қалпын сезді. Пішеннің иісі, жұмыс адамының терінің иісі мұрын жарады. Бүл дүниеде баланың арқа тұтар, үміт күтер, жанашыр бір адамы болса, осы Момын. Атасы баладан жанын аямайды, үстіне түсіп, елпек қағады да жүреді. Өсы бір аңқау, адал, салауаттылар Елпек Момын атай- тын шал бүл баланың асқар тауы. Жұрт не десе о десін, осы домаланған шал өзінің ең бір кадір тұтар, қайырым күтер атасы. Бәрінен де бары жақсы. Әйтеуір өз атасы ғой.

Бала дәл бүгін осындай қат-қабат куанышқа ие бо- лармын деп ойлаған жоқ-ты. Күні бүгінге дейін мектеп те ойына кіріп шықпаған. Бүған дейін мектепке бара жатқан балаларды Ыстыккөлдің жағалауындағы ауыл- дарға атасымен барғанда ғана көрген. Ол таудың ар жа- ғында – Бұғы әулетінің бір атақты шалының асына бар- ғанда болған. Бүгіннен бастап бала портфелінен айрыл- ған жоқ, қуана мақтанып, осы қотандағы отырған үйлердің бәріне көрсетіп шықты. Алдымен атам алып берді деп, әжесіне көрсетті. Одан кейін Бекей апайға, Бекей апайы портфель алғанына қуанып, баланың өзін де мақтап біраз жерге апарды.

Бекей апайдың мұндай көңілді кездері өте сирек бо- лады. Көбінесе қабағын қарыс жауып, томсарады да жүреді. Бұл бала туған немересі болса да жылы қарап бауырына тартпайды. Өз қайғысымен өзі, немересімен ісі де жоқ. “Әттең дүние, баласы болса мүның мінезі де, қылығы да өзгеше болар еді”, – дейді кемпір. Ортала- рында өздерінен шыққан жас иіс жүрсе, Оразқүл да дәл мүндай болмас еді. Баланың жүрген жері базар, қуаныш, береке емес пе. Мүмкін, онда Момын шал да дәл мұндай көрінгеннің айдауында жүрмес еді. Момын шалдың екі қызы болды, біреуі осы Бекей апай, екіншісі баланың шешесі. Кіші қызы бала көтермесе де, өзінің ішінен шыққан шұбар жылан, балаңнан нересте көрмеудің өзі қасірет. Осының барлығын кемпір айтады, не оймен айтатынын өзі білсін…

Портфелін Бекей апайға көрсеткеннен кейін бала Гүлжамалдың үйіне қарай беттеді. Гүлжамалдың өзі мен қызына көрсетті де, пішен шауып жатқан Сейдахмет жаққа тартты. Тағы да сол шөгіп жатқан “түйе” тастың жанынан зырғып өте шықты. Оның өркешінен сипауға да мұршасы болмады. Бала ерттеулі “ат”, “қасқыр тас”, “танкке де” дейін аялдамай, өзенді жағалап ит мұрын тоғайшығын жарып өтетін жалғыз аяқ жолмен жортып келеді. Әні-міні деғенше кең алқап шабындықтың үстімен Сейдахметке де жетті.

Сейдахмет бүл маңда бүгін жалғыз өзі еді. Атасы болса өзі сыбағасымен Оразқұлға тиесі жердің шөбін әлдеқашан шауып алған. Шауып алу былай тұрсын, әжесі мен Бекей апайға жинаттырып, арбаға өзі артып, қораға тасып та алған. Бұл сапарда бала шамасы кел- генше атасына көмектесіп, бірсыпыра еңбек сіңірген. Қазір сиыр қораның жанында екі мая түр. Атасы оны сондай тиянақтап көтерді. Қара нөсер төксе де тамшы тоқтамайды. Алыстан қарағанда, атылатын арыстанның жалындай боп көрінеді. Атасының жыл сайын істейтінін осы Оразқұл өмірі бір айыр шөп шауып көрген емес, өзі бастық болғасын ба, барлығын шалдың мойнына артып қойған. “Керек десеңдер, сендерді көзді ашып-жұмғанша жұмыстан қуып шығам”, – дейді Оразқұл. Оның шал мен Сейдахметке көрсететін қыры осы. Онда да бүл сөзді мае болған кезде айтады. Шалды ол кайдан қусын, бүл кетсе кім жұмыс істейді? Бүл шалсыз күн көре алар ма? Әсіресе, күзге қарағанда: “Ағаш деген бетіне жайылып кететін отардағы қой емес, бірақ бұл да солардан кем бап тілемейді. Егер өрт түсе қалса, немесе көктемде тау- дан қар еріп сел қаптап келе жатса, ағаш деген жалта- рып түра қашатын жанды дүние емес, сол тұрған жерінде міз бақпай қүриды.

Орманшының бағатыны ағаш, мұның әр түбін көздің қарашығындай сақтау ке­рек”, – дейді. Ал Сейдахметті Оразқүл қуа алмайды, өйткені Сейдахмет жуас, көнтерлі, не істе десе соған даяр. Еш нәрсеге араласпайды, сөз жарыстырып салғы- ласып жатқан ол жоқ. Бірақ соншалықты қарулы, мінезі орнықты болғанмен, барып тұрған жалқау, ұйқыдан бас көтермейді. Мұның орманшы болып жүргені де осы мінезі шығар. Атасының айтуына қарағанда: “Мұндай жігіттер тепсе темір үзіп, совхозда машина айдап, трак- тормен жер жыртады”. Ал Сейдахмет болса, өзінің бақ- шасындағы картошкасын отауға да ерінеді. Емшектегі баласын қолына алып жүріп, бақшаның бар жүмысын Гүлжамал бітіреді.

Керекті шөбін шауып алуды осы уақытқа дейін әкел- ген де Сейдахметтің өзі. Алдыңгы күні шал бүған біраз ұрысқан, “Өткен қыста саған жаным ашыған жоқ, малда- рыңа жаным ашыды, сол үшін ғана шөп бердім. Ал енді биыл да шалдың шапқан шөбінен ауыз тием дейтін бол- саң, онда шыныңды айт, ана шөпті мен-ақ шауып ала- йын”, – деген. Сөздің төркінін аңғарған Сейдахмет бүгін таң атпай шалғысын алып тартқан-ды.

Біреудің жүгіріп келе жатқанын аңғарған Сейдахмет етегіне қолын сүртіп, артына бүрылды.

– Сен не ғып жүрсің, мені біреу іздеп жатыр ма?

– Жоқ, менің портфелім бар, міне! Атам алып берді. Мен енді мектепке баратын болдым.

– Соны айтуға жүгіріп келдің бе? – деп Сейдахмет қарқ-қарк күлді. – Сенің Момын атаңның дені сау емес, – деп, саусағымен шекесін шертті. – Сен де содан үза- мапсың. Қане, бері әкелші, бұл өзі кандай портфель екен? – Ол портфельді колына алып, әрі-бері көрді де, басын шайқап, мазақтай күліп қайтып берді. – Айтпақ- шы, сен қайдағы мектепке барасың? Сенің мектебіңнің өзі қай жерде еді?

– Қай жердегі несі? Фермадағы мектеп ше?

– Е, Желсайдағы мектепті айтасың ба? – деді танда- нып Сейдахмет. – Ол тауды тікелей асып жүргеннін өзінде аз дегенде бес шақырым.

– Атам өзі күн сайын атпен катынаймыз деп отыр.

– Сонда әрі апарып салып, әрі алып қайтып жүре ме? Шал да алжыған екен… Онан да сенімен бірге мектепке өзі түссеші, партада бірге отырып, қол ұстасып шығатын шығарсыңдар. – Сейдахмет ішек-сілесі қата күлді. Мо­мын шал мен немересінің партада қатар отырғанын көзіне елестетіп, өзінен-өзі мөз болды.

Бала әлденеге ойланып қалды.

– Менің әшейін әзілім ғой, – деді Сейдахмет.

Ол көзін ала беріп, баланың тұмсығына шертіп қалды да, оның басындағы кепкасын тұқырта темен басып дой­ди. Момын шал орманшыларға беретін кепканы өзі кию- ге ұялатын. (“Мен мұндайды киетін бастық па едім? Ба- сындағы қырғыз қалпағымды өлгенше еш нөрсеге айыр- бастамаспын”). Жазды күндері Момын шал жиегін са- тинмен сырған атам заманғы киіз қалпағын киіп жүреді. Бұл “бір кездердегі” ақ қалпақ. Оның да әбден қыры түсіп, жүн-жүні шыққан. Қыстыгүні киетіні де қой терісінен жасаған ескі бөрік. Орман жұмысшыларының көкшіл кепкасын немересінің еншісіне берген.

Балаға Сейдахметтің осыншама қуанышты мазақпен қарсы алғаны үнаған жоқ. Шапкасының күнқағарын жо- ғары көтерді, жүзінде едәуір реніш бар. Сейдахмет тағы да мүрнына шерте бергенде, басын тартып алып салқын үнмен:

– Қойсайшы енді.

– Ойбай, мынаның ашуын қара! – деді күліп Сейдах­мет. – Қой, өкпелеме, портфелің шынында тамаша екен. Ал енді жалтырат табанынды. Маған әлі қаншама шөп шабу керек, – деп баланың арқасынан қақты.

Сейдахмет алақанына түкіріп алып, қайтадан шалғы- сына кірісті. Бала өлгі келген ізіменен баяғы өзінің тас серіктерінің жанымен үйге қарай тартты. Өзінің бұрынғы достарына көңіл белуге бұ жолы да шамасы келген жоқ. Қанша дегенмен портфельдің жөні басқа.

Бала өзімен-өзі сөйлесуге әбден еті үйреніп алған. Бүл жолы’ өзімен-өзі сөйлесуді койып, портфельге тіл қатты. “Сен оның айтқанына сенбе, менің атам Сейдах­мет айтқандай кісі емес. Ол қулық дегеніңді білмейді. Сосын жұрттың бәрі оны мазақтайды. Мазақтайтын себебі: атам қулық-сұмдықтан құр алақан. Ол екеуімізді мектепке апарып жүреді. Сен мектептің қай жерде екенін әлі білмейсің ғой? Бұл жерден онша алыс емес. Өзім көрсетемін. Анау Қарауыл таудың басына шығып, дүрбімізбен көрерміз. Сосын мен саған өзімнің ақ шаң- қан кемемді көрсетем. Бірақ алдымен сарайға кіріп шығу керек. Мен дүрбімді сонда тыгып қойғанмын. Оның үстіне бүзау бағамыз. Сол кезде мен таудың басына шы- ғып, кемені көремін. Біздің бүзау да өсіп қалды ғой. Ноқтасынан ұстасаң өл бермей сүйрей жөнеледі. Осы кезде есебін тауып, анасын еміп кетуді шығарып жүр. Біздің сиыр оның шешесі ғой. Одан еш уақытта сүтін аямайды. Сен бұған түсінетін шығарсың? Ана деген ба- ласынан еш уақытта еш нөрсесін аямайды ғой. Ана кішкене қызы бар Гүлжамал солай дейді… Қазір сиырды сауып болған соң, біз екеуіміз бұзау жаямыз. Сол кезде Қарауылдың басына шығып, ақ шаңқан кемені көреміз. Мен өзімнің дүрбіммен дәл осылай сөйлесем. Бүгіннен бастап сен, мен, дүрбі үшеуіміз баламыз”.

Осылай ол үйіне келе жатты. Портфелімен бұлай сөйлескені өзіне қатты ұнады. Тағы да әңгімесін жалғас- тырып, өзі туралы портфельдің білмейтін жайларын ба- яндағысы келіп еді, бірақ көлденеңнен келе жатқан ат тұяғының дыбысы сөзін бөліп жіберді. Ағаштың арасы- нан көк ат мінген біреу көрінді. Бұл Оразқұл болып шықты. Үйіне беттеп келе жатыр. Астындағысы өзінен басқа тірі жанға мінгізбейтін кәдімгі көкалабас. Сайлы ер-тоқым, сары жезден жасалған үзеңгі, сылдыр қағатын сағалдырық пен өмілдірік күмістей жылтырайды.

Оразқүлдың қалпағы желкесіне қарай жылжып кетіпті, түк басқан аласа маңдай қызара бөрткен, күннің ыстығы әбден титығына жеткен сияқты, аттың үстінде ұйқтап келеді. Аудан әкімдерінің үлгісіне еліктеп тігілген ши-барқыт китель ағытылып кеткен алқа-салқа. Ақ көйлегі умаждалып, белбеуінің астына барып орна- ласқан. Әрі тоқ, әрі мае. Жаңа ғана қонақта болып, май- лы етке қарынды кептеп, шамасы жеткенше қымыз бен араққа басып келе жатыр екен.

Тау алқабына жазғы жайылымға шығатын қойшылар, жылқышылар Оразқүлды қонаққа жиі шақыратын. Олар- дың көбісі көз көрген дос-жарандар. Бұл шақырыстың да өз есебі жөне бар, Оразқұл – керек адам. Әсіресе, өздері тауды мекендеп орталыққа үй салуға ойы барлар алды- мен Оразқүлды айналдырады. Бағып отырған малыңды тастап, үй түрғызуға керек дүниені қайдан іздерсің? Ең керегі ағаш емес пе? Көз алдында қалың орман тұнып тұр, егер Оразқұлдың ойынан шықсаң, қалаған жеріңнен үш-төрт бәрене қиып аласың. Осылай етіп есебін таппа- саң, өмір бойы таудың жықпылдарын аралап, меншікті үй көрмей мал соңында кетесің…

Құрым етік киген Оразқұл анда-санда үзеңгіге аяғын бір тіреп, қалғып-мүлгіп, дел-сал болып келе жатыр.

Портфелін бұлғақтатып қарсы алдынан бала шыға келгенде оқыс көріністен Оразқұл шошып кетіп, аттың үстінен ұшып түсе жаздады.

– Оразқұл аға, менің портфелім бар, мен мектепке баратын болдым. Міне, портфелімді көрдіңіз бе? – деді.

– Ә, сенің… – деп боқтық айтып жіберген Оразқұл, аттың жүгенін кармана берді. Үйқы жеңіп келе жатқан ол қанталап кеткен көзін ашып, балаға ежірейе қарады.

– Бүл немене, қайдан жүрсің?

– Үйге бара жатырмын. Мына портфелімді жаңа ғана Сейдахмет ағаға көрсеттім, – деді бала сесі қайтып қалған үнмен.

– Бар ендеше, ойна! – деп бұрқ ете қалды Оразкұл. Ер үстінде теңселген күйі әрі қарай жүре берді.

Мұның портфелінің Оразқұлға керегі не? Ата-анасы тастап кеткен, өзінің әйелінің немересі боп келетін мұндай қу жетімекті ол не қылсын. Тағдырдың мұны ма- зақ еткені аз ба, қасарысқан құдай өз қанасынан шыққан бала бермеді. Басқаларға торайдай шұбыртып бергенде, бұған келгенде құдайдың көзі неге жұмулы?

Оразқүл кемсеңдеп, көзіне жас алды. Аяныш пен ашу- ыза аралас алқымына тығылды. Бұл өмірден ізсіз-түзсіз кеткенім бе деген пұшайман ой зығырданын қайнатты. Осы ашуды енді бедеу қатыны Бекейден алады, бар беле содан. Қанша жыл болды, өлі сол бір қысыр жылан…

“Сені ме, сені…” – деді іштей Оразқұл, – жұдырыгын тістене түйіп. Жылаған үнім шығып кетпесе екен деп, өзін-өзі өзер үстай, ентіге булығады. Үйге келісімен өйелін қамшының астына алары белгілі. Оның ішкен са- йынғы салты осы. Осы бір тоң мойын өгіз қара ашу кыс- қанда хайуан болып кетеді.

Бала осының артында жалғыз аяқ жолмен келе жат- ты. Кенет Оразқұлдан көз жазып қалғанына таң қалды.

Ол өзен жаққа атын бұрып, түсті де, жүгенді тастай са- лып, қалың қау шөп аралас шатбүталарды қақ жарып жүріп кетті. Құларман теңселіп зорға барады. Мойнын ішіне тартып, екі қолымен бетін басып алған. Өзеннің жағасына жетті де, жүресінен отыра кетті. Сөйтіп, қос- қолдай алған мұздай суды бетіне себе берді.

Оразқүлдың мына қалпын көріп: “Е, басына күн өтіп кеткен екен ғой, мынау ыстықта” деп ойлады бала. Ол Оразқұлдың еңіреп өксігін баса алмай отырғанын сезген де жоқ. Оразқұл болса қарсы алдынан шыққан баланың өз ба- ласы болмағанына ызақорлықтан жылайды. Тым болмаса портфель алған баланың қуанышына ортақ боп, адам сияқ- ты бір-екі ауыз жылы сөз айта алмағанына опық жейді.

Қарауыл тауының басынан төңірек түгел көрінеді. Етпетінен жатқан бала дүрбіні көз алдына әкеліп, қара- на бастады. Мүның колындағы далалық жерге арналған жақсы дүрбі болатын-ды. Бір кездері қорықтағы үзақ жылғы еңбегі үшін атасына сыйға тартқан. Шал болса бұл дүрбімен ісі болған жоқ. “Бұдан өзімнің көзім әлде- қайда артық”, – дейтін. Бірақ иесі табылды, немересінің айнымас ермегіне айналды.

Бұл жолы бала таудың басына дүрбісімен, портфе- лімен шықты.

Алдымен көзге ілінген дүниенің барлығы секіріп, жылжып, ойнақшып кетіп еді, енді барлығы әйнектің ауқымына түсіп, айқын, өзінің қаз-қалпында көрінді. Мұның өзі қызық дүние, бала осы бір тапқан фокустан дүрбіні айырмау үшін демін де зорға алады. Шамалыдан кейін оң жағына бұра қарап еді, тағы да дүние астан-кес- тен араласып кеткендей болды. Әйнектің түбіндегі бұранданы қайтадан жылжытып, қалпына келтірді.

Осы жерден бәрі де көрінеді. Анау аспанмен астас- қан қарлы шыңдарға дейін көз алдында, ар жағы тұңғиық аспан, қарлы шыңдар барлық таулардан үздік шығып алып, жер жаһанның тас төбесінен қарайды. Кар­лы шыңдардың төменгі жағы да тау. Солардан басталатын қалың қарағайлы жыныс орман етекке дейін жалғасады. Мына жағыңа қарасаң, күнгей Алатау. Күнгей Алатау- дың өңіріне көз тоқтатар еш нәрсе өспейді. Тек жұкалаң шалғын шөптер болмаса, ағаш атаулы жоқ. Одан темен жаткан анау Ыстықкөлге барып жалғасатын аласа тау- лардың жалаң тастарында тірліктің нышаны сезілмейді. Осы бір жалаңаш жота алкапқа келіп жоғалады да, ал­кал Ыстықкөлмен шектеседі. Осы бетте егіс даласы, бау- бақша, ауылдар көрінеді… Мынау шалқар егістің көкшіл қалпының кей жері жолақ-жолақ, сарғая бастапты. Орақ маусымы жақын деген сөз. Сонау етектегі машиналар жорғалап келе жатқан тышкандай болып көрінеді. Ізінше көтерілген шаң тұра қашкан түлкінің кұйрығын- дай бұлаңдайды. Жердің сонау құмдауыт шегінде көз жетер шамада көкпеңбек, айнадай көл жатыр. Ыстық- көліміз осы. Шалқар көл аспанмен астасып кеткен. Екеуінің жігі білінбейді. Ар жағы беймағлұм жым-жы- лас жұмбақ дүние. Көлде ешқандай қимыл жоқ, жайсаң жатқан жалпак жазира. Жарға соккан толқынның көзге ілінер-ілінбес ақ көбігі ғана аңғарылғандай болады.

Бала бұл жаққа ұзақ қарады. “Ақ кеме әлі көрін- бейді, – деді ол портфельге. – Ал енді өзіміздің мектеп жаққа тағы бір қарап алайықшы”.

Осы таудың арғы етегіндегі қойнау бұл жерден ап- анық көрінеді. ¥ршық иіріп, үйдің іргесінде отырған әжейді де дүрбі арқылы көріп тұрмын. Желсай ойпатын- да орман болмайтын, әр жерде ғана атам заманғы жетім қарағайлар көрінеді. Бір кездері бүл маң да орман бол­тан. Қазір оның орнында төбесін шифрлаған қаз-катар мал қоралары. Олардың іргесінде қарауытып көрінген самылтыр аралас боқтық. Бұл жерде сүт фермасының асыл тұқымды жас малдары бағылады. Мал қоралары- нан әудем жерде көрінген, еңістен темен қарай түсетін шолақ көше малшылардың тұратын үйлері. Соның бы- лайғы шетінде сыртынан қарағанда тұрғын үйге ұқсай бермейтін қоңыр шатырлы қораш үй көрінеді. Сол осы жердегі терт жылдық мектеп. Жоғарғы класта оқитын балалар совхоз орталығындағы мектеп-интернатқа кетеді. Мына жымырайған үйде жас балалар оқиды.

Бір жолы тамағы ауырып қалғанда, фельдшерге ата- сымен бірге бала осында келген. Енді, міне, дүрбіні соған бағыттап, мұржасы қисайған осы бір сүрықсыз жаман үйден көз алмайды. Маңдайшасында жұқа тақтайға кол- мен жазылған “Мектеп” деген сөз бар. Бала өлі хат та- нымаса да, осыдан басқа сөз жазылмағанына іштей сенеді. Бұл дүрбінің ғажабы, тырнақтай дүниенің өзін айдан анық көрсетеді. Ең ар жағы терезе әйнегін желімдеген қағазға дейін, үйдің сыртқы қабырғасындағы жарық сызыққа дейін, анау бір жағы қисайып кеткен кіре берістегі дәлізге дейін көрінеді. Қазір ол мектепке қалай барғанын, сол есіктен портфель екеуінің кіріп бара жатқанын көзіне елестетті. Әттең, есігі құлыптаулы түр екен. Дөңбектей қара қүлыпка көп қарады. Шіркін, сол есіктің ар жағындағы дүние қандай екен?

Мектептің бар болмысын тәптіштей қарап болған соң, бала дүрбісін тағы да кол жаққа бүрды. Онда қаз-қалпы, ешқандай өзгеріс сезілмейді. Ақ кеме әлі көрінген жоқ. Бала көл жаққа аркасын берді де, дүрбісін жанына ко- йып, таудың етегіне қарады, етекте көбігі күмістен үшқан қылаудай көкке атып жатқан тау өзені, соны жа- ғалай жалғыз аяқ жол кетеді де, өзенмен бірге шатқалға кіріп жогалады, өзеннің арғы беті орманды жарқабақ. Сантастың орман қорығы осы жерден басталады, тау ша- тқалдарына ұйыса биікке өрмелей өскен қалың қарағай қарлы шыңға иек артып барып тоқтайды. Сол иек артқан жерде көбіне қарағай өседі: Жабайы жартаспен таласа тамырласып кететін қарағай сиреп барып, кейбіреуі қалың қардың ортасынан нәр-өзек тапқан.

Бала Қорықтағы үйлерді, сарайды, қора-қопсыларды бүгін көргендей күле қарайды. Жоғарыдан көз тастаған- да бәрі де аласа, жермен-жексен боп көрінеді екен. Әне, үйлерден сәл әріректе өзен жағасындағы өзінің достары- на көзі түсті. “Түйе”, “қасқыр”, “танк”, “ерттеулі ат”, – бәр-бәрі қаз қалпында. Ең алғаш рет осы Қарауыл тау- дың басынан дүрбімен Караганда, осы аттарды осы жер­де отырып тапқан.

Бала өзінен өзі мәз болып, орнынан түрды да, қора жаққа қарай тас лақтырды. Бірақ ол қораға жетпейді екен, өзі тұрған жерден көп ұзамай таудың етегінде қал- ды. Орнына қайта отырды да, енді аулаға дүрбімен қарады. Алдымен үлкен әйнегі мен кіші өйнек арқылы қарап еді, үйлердің бөрі ұзаққа кетіп қалды да, бәрі де кішкене-кішкене ойыншыққа айналды. Жаңағы “қасқы- ры” да, “түйесі” де бармақ басындай тасқа айналды. Атасы қалап берген тоғанның алакандай боп көрінгені сонша, тап осы түрғысында одан құмырсқа да кешіп өтетін шығар. Бала мәз боп, басын шайкап күле берді. Енді қайтадан әйнектің кішкентай жағымен қарады. Әлгі өзінің “түйесі”, “қасқыры”, “танкі”, “ерттеулі аты” бөрі де орнынан тұрып, сілкініп шыға келді де, дүрбі әйнегіне кеп тіреліп түра калды. Әсіресе, танктың дақ түскен жері дөңгелегінің бедеріне дейін анық көрінді. Бүл танк өте тамаша, жылжымай тұрғаны болмаса, өзінің кинода көргенінен айнымайды. Әне, “қасқырды” қарашы, ол да айнымайтын – өзі.

Бұлардан сөл әрірек қиыршық қайырға атасы қалап берген тоған, қазір осы жерден тамаша көрінеді. Осын- дағы жайпауыт қайраңды жанай өтетін өзеннің ағысына бұл жерде көзге ілеспейді. Қиыршық қайырға ағыстан ауысар судың тереңдігі тізеден-ақ келеді. Бұл түстан өткесін, арнасына түсіп алып жұлқына жөнеледі. Бірак саяз жерінің ағысының қаттылығы сонша, мына сияқты балаларды қаңбақтай ұшырып кетеді. Ағыс алып кетпес үшін бала жағада өскен құба талдардың бұтағына жар- масып суға түсетін. Содан жібермей отырып ап, сүңгіп- сүңгіп алады. Бірақ бүйтіп суға түскені құрысын. Бүтаққа жабысып отырып, адам суға түсіп оңа ма, бұл да бір қалаған шөбін жей алмайтын арқандаулы ат сияқты дүние. Ол ол ма, осы әдетің үшін қаншама сөз естисің. Әжем “осыдан суға кетіп қалсаң, өз обалың өзіңе, құдай бар, сені жоқтап іздейтін мен жоқ, туған әке-шешесіне ке- рек болмаған, бүл кімге керек, маған осы үйдің боқтығы да жетіп жатыр”, – деп атасына талай ұрысқан.

Бұған не дерсің? Қария адам мүмкін дұрыс айтатын да шығар. Бірақ балаға да жаның ашиды. Мынадай мөлдір су көз алдында ағып жатқанда, ол қалай шыда- сын. Кемпір қанша қорқытса да, бала есебій тауып суға түсуін қойған жоқ. Содан кейін барып, Момын шал немересіне арнап тоған қалай бастады. Өйткені жалғыз қуанышы, осы бір бала. Тым болмаса суға түскенде, қам- сыз, қауіпсіз болсын деді.

Момын шал ағыс жығып кетпесін деп, тастардың да ірісін тасып, қаншама машақатқа түсті. Сүйек шаққан мұздай судың ішінде ертеден қара кешке тас қалаумен болды. Және олардың арасынан су өтетіндей біріне-бірін сүйестіре саңылау тастап отырды. Домаланған бір уыс шал сонша қайратты қайдан табатынына қайран қала- сың. Жейдесі мен бөз дамбалы тәніне жабысып, кешке дейін судан шыққан жоқ. Шай үстінде шалдың ауырып қалғаны байқалды, қайта-қайта жөтеліп, белі көтертпей жатып қалды. Мұны көрген кемпір ашуға басты. “Мыка­ны, есуас, ақылы жоқ бала дейік, сен сақалды сайтанға не жоқ? Албасты басып, мұздай судың ішінде кешке дейін нең бар еді? Осы баланы асырап, сақтағанымыз аз ба? Не айтса осының жетегінде жүресің. Йемене, бұл сенің басыңа көк тас қоя ма? Ертең буыны бекіп, бүғана- сы қатқасын әйт шу, қара құйрық деп тартып береді, түбімізге әлі осы жетеді”.

Кемпір не десе о десін, өзенге салынған тоған тама- ша болып шықты. Бала енді еш нәрседен қорықпай, суға еркін шомылды. Жағалаудағы бүтақтардан ұстап, ағысқа еркін түседі де, тоғанға дейін ағып келеді. Сүңгігенде де көзін ашып сүңгиді. Көзін ашып сүңгитін себебі, балықтар да көзі ашық жүзеді ғой. Бұл баланың киялы да, арманы да қызық. Кейде балық боп кеткісі келеді. Шіркін, балық боп жүзгенге не жетсін дейді.

Қазір дүрбімен сол тоғанына қарап отырған бала көйлек-штанын шешіп, мұздай суға тітіркене барып ко- йып кеткенін көзіне елестеттһ Тау өзендерінің суы салқ- ын болатын әдеті ғой, бір сүңгіп алғаннан кейін барып бойың үйренеді. Міне, кұба талдың, бұтағынан ұстап ағысқа күмп берді. Етпетіңнен жатқанда асты-үстіңнен, құлағыңның түбінен, шулай тұла бойыңды қытықтай аққан су қызық. Судың астында жатқанда ешқандай ды- быс естілмейді. Тек қана ағыстың күміс сылдыры еміс- еміс қүлағыңа келеді. Енді көзін барынша ашып, жан- жағына су астының тірлігіне зерлей қарады. Көзі өлде- неден қышып, ашығандай болды. Оған мән берген жоқ. Қайта масаттана күліп, судың астында жатып кемпірге тілін шығарды. Кемпір мұның суға кетпейтінін, дәнеңе- ден қорықпайтынын көрсін.

Осы кезде ұстап жатқан тал- шығын жіберіп қалғанда, ағыс мұны домалатып айдай жөнелді де, тоғанына бір-ақ өкелді. Бұл жерде демі де бітеді. Содан судан атып тұрып, қайтадан жағаға шы- ғып, жүгіріп барады да, өлгі талдан ұстап қайтадан суға түсіп, тоғанга дейін көзін ашып сүңгіп барады. Бұл күнінде атасының осы арнайы қалап берген ғажайып то- ғанында жүз қайтара суға түсуге даяр. Қысқасы, қашан балыққа айналғанша сүңги бергісі келеді. Қайткен күнде де балыққа айналудан басқа арманы жоқ сиякты…

Өзен жағасына қарап отырған бала енді дүрбісін аула ішіне бұрды. Балапандарын еріткен түйе тауықтар, жаңғырыққа сүйеулі балта, түтіндеп жатқан самауыр, әр жерде жатқан айыр, күрек соншалыкты үлкен, сонша- лықты жақын боп көрінеді, бала қалай қолын созғанын да байқамай қалды. Ойбай, масқараның әкесі енді шық- ты. Көз алдында түйедей болып көрінген арамқатқыр тарғыл бұзау жаюлы көйлекті шайнап тұр. Рахаттанған- дығы сонша, екі көзін жұмып-жұмып алады, езуінен сілекей шұбырады. Екі ұртын толтырып күйсеп тұрғаны кемпірдің көйлегі.

“Ой, арам қатқыр ақымақ, – бала дүрбісін көзінен ал- мастан орнынан түрып, бұзауды айдағандай қолын ербеңдетеді. – Естіп тұрмысың, өрі, әрі кет деймін. Бәлтек, Бәлтек, қайдасың? (Дүрбіде көрінген үйдің көлеңкесінде маңқиып жатқан Бөлтектің онымен ісі бол- ған жоқ.)-Айтақ, айтақ!” деді бала жан ұшырып итке.

Бәлтек оның бұл бүйрығына селт етпеді. Сол күйі былқ етпей жата берді.

Дәл осы сәтте кемпір үйден шықты. Бұзаудың тірлігіне көзі түскенде, мынау не сұмдық дегендей бетін бір шымшыды да, шеңгел сыпырғышты ала жүгірді. Тұра кашқан бұзауды кемпір қуа жөнелді. Дүрбісін көзінен алмай, бала отыра қалды. Бәрібір таудың басындағы бұл кемпірге көрінбейді. Бұзауды айдап салып, кемпір неше түрлі қарғысты боратып, ашуға булыға үйге қарай жұлынып келеді. Бала бәрін көріп отыр. Даусын естімесе де, аузының қимылынан өзіне таныс карғыстар- дың қардай жауып бара жатқанын сезді. Дүрбінің өйнегін тек қана кемпірге бұрып, әлгі кинода бірінші план деп аталатындай әжесінің бар жүзін анық көріп отыр. Ол оның ашуланғанда, жұмылып кететін шегір көзіне дейін көрді. Кемпірдің әжімді беті тұлайланып қабарып барады. Кейде бір кинода дыбыс жоғалып кетіп, тек кана аузы жыбырлайтыны бар ғой, қазір дүрбідегі кемпірдің бет-аузы да дәл сондай.

Аузын ашқанда, анда-санда қисық-қыңырая біткен сирек тістеріне дейін көрінеді. Әрине, бұл жерге даусы естілмеген сон, не ай- тып, не қойып бара жатқаны өзгеге беймағлүм болғаны- мен, бала бәрін біліп отыр. Кемпірдің сол бара жатқан- дағы сөзі бұған қүлағының түбіне сыбырлап айтқаннан да айқын естіледі. Уай, бір қарғап бергенде, жаның түршігеді ғой. Бала оны жатқа біледі. “Қап, саспай тұра тұр, жетпегір… Осыдан көзіме бір көрінерсің, сені ме, сені… жер жастандырармын, сенің ана алжыған атаңның да сазасын беремін. Көзін құрт, осы бір шайтан көз теміріңнің деп қаншама зарладым, ол алжыған, қақбас- тың миына кіре ме? Тағы да тауға шығып кеткен ғой, жүгермек. Жер жұтқырды кемемен коса неге жұтпайды екен? Сонда көзім ашылар еді, жуадай солғырдан”.

Таудың басында отырған бала ауыр күрсінді. Қыр- сық қылғандай, портфель алған күні болған оқиғаны қараңызшы! Бұл ертең мектепке баруды арман қып отыр- ғанда, бұзаудың кайда кеткенін білмей капты…

Кемпір басылар емес. Сол баяғы қарғысын қардай бо­ратып, бұзау жалмаған көйлегін қарап тұр. Ар жағынан қызын көтеріп, Гүлжамал шыкты. Оған да өзінің мұңын шағып, бұрынғыдан да қатты кетіп жатыр. Тау жаққа жұдырығын түйіп, сұс көрсетіп кояды. Оның еті қашқан қара жұдырығы дүрбінің көз әйнегіне алдынан өрі бір, бері бір өтеді. “Тапқан екенсің ермекті. Сенің сол кемеңді неге жер жұтпайды, неге барлығы қырылып өртенбейді осы дүниенің?”

Ауланың ішіндегі самауыр бұрқылдап қайнап тұр.

Дүрбіден оның бүрқыраған буы айқын көрінеді. Самауыр- ға Бекей апай шықты. Ол шығысымен кемпір ашуға қай- та басты. Жаңағы шайналған көйлегін көрсетіп, “көрдің бе, мына немереңнің маған жасаған жақсылығын” деген- дей Бекей апайдың бетіне баса жаздады.

Бекей апай бірдеңелер айтып жұбатқан болып жатыр. Бала оның не айтқанына да түсініп отыр. Мұндай жүба- тып, ара түсудің талайын көрген. “Сабыр етші, өжесі, ба- ланың аты бала емес пе, одан қазір не күтесің, ертеден қара кешке жалғыздан-жалғыз, бірге ойнайтын тірі жан жоқ, іші пысады ғой. Сонша жер-дүниені көшіріп керегі не? Жас баланың жүрегіне қаяу салып қайтесің!”

Оның бұл жұбатуына кемпірдің айтатын сөздері де белгілі. “Сен маған жөн-жоба көрсетпей-ақ қой. Мықты болсаң, алдымен өзің бала ту. Баладан не кетіп, не қоятынды сонда білесің. Ана таудың басында не бітіріп отыр? Бүзауды арқандай салумен ісі жоқ. Не көріп, несіне жетісіп отыр? Жүгенсіз кеткен өке-шешесін іздеп отыр ма? Туды, тастады, кеткен жоқ па көргенсіздер бет- бетімен?! Сен кураған жатырдың ақыл айтудан басқаға шамаң келмейді…”

Осы жерден-ақ бала, Бекей апайдың қаны қашып, сұрланып, ашуға булығып бара жатқанын көріп отыр. Ерні дірілдеп, жүзі қуарып барады. Бұ жолы Бекейдің не айтатынын да біледі, ол да өгей шешесін аямайды. “Әй, осы сен кәрі жалмауыз, неше ұл, неше қыз өсіріп желпілдетіп отыр едің? Жұртқа міндетситіндей кімсің өзің?”

Ал енді басталды!.. Кемпір мына сөзден кейін зарлай жөнелді. Гүлжамал араға түсіп, кемпірді құшактап, жұбатқан болады, үйіне карай сүйресе, кемпір одан са- йын шаптығып, ауланың ішін азан-қазан басына көтерді. Бекей апай қайнаған самауырды алып, төгіп-шашқан күйі үйіне жүгіре басып жоғалды. Әбден долылықтан титықтаған кемпір есіктің алдындағы ағаштың үстіне отыра кетті. Дүние жүзінің бөрін түгел қарғай, тағдыры- на лағнат айтып, зар қағады. Енді бала жайына қалды.

Барлық қарғыс, барлық балағат сөз жаратқан қүдайдың еншісіне тиіп жатыр. “Сен менің көзіме шүқыдың-ау, сен кімсің дедің-ау? Әй, мұның өзі кім еді сонда? – деді кемпір өгей қызына қыр көрсете. – Егер мені құдай қар- ғап, бес баламды сөбиінде жер алмаса, маңдайымдағы жалғызым он сегіз жаста оққа ұшпаса, айналып кетейін, иманды болғыр шалым Тайғара қойдың соңында боранға ұшып өлмесе, мен мына сендер сияқты тоғайдың жабайы хайуанаттарының арасында болар ма едім?.. Йемене, мен сен сияқты өмірі пұшпағы қанамаған, шикі өкпе көрмеген бедеу деймісің? Қартайған шағымда, сенің анау есуас өкеңмен қай бір жетіскенімнен отыр дейсің. 0, қу құдай, осынша зар жылататын, мен саган не жазып едім”.

Бала дүрбіні көзінен алып, мұңайып, әлдебір құла- зыған кейіпте сұлық отырып қалды.

“Енді үйге кайтіп барамыз? – деді ол жайымен ғана портфельге, – осы айқайдың барлығы мен үшін болып жатыр. Оның үстіне мына ақымақ бұзаудың қырсығы қосылды. Сенен де бар-ау, дүрбі шырағым, әрдайым ақ кемені көрейік деп осы жерге әкелетін сен. Бүгінгі бүлікке сен де кінөлісің”.

Бала жан-жағына қарады. Айнала тау, жартас, мыл- дау, мызғымайтын дүние орман. Анау көк жалтыр, кар­лы мұз тарау-тарау болып, жыландай жылжып темен аққан жылғалар бас қосып, тек бері қарай жақындағанда үн шалып, мәңгі-бақи шулап аққан өзен. Тау дегеніңізде шек жоқ, өлі ұйқыда жатқан алыптай меңіреу. Бала осы сәтте өзін мүлде бір қорғансыз, бишара, көзге ілінбес мүсәпір сезінді. Қол ұшын берер кім бар, жападан-жал- ғыз іргелес маңғаз таулар олардың ортасында тырнақ- тай жалғыз өзі.

Көлдің арғы жиегіне батып бара жатқан күн, кеш құрым салқын тартты. Шығыс жақтағы жоталардан ала- са көлеңке түсе бастады. Күн еңкейген сайын көлеңке де темен жылжып, тау етегін алып келеді. Былайғы күнде- рі тап осы сәттері Ыстықкөлде ақ кеме көрінетін.

Бала дүрбісін көз жетеді-ау деген жакка бағыштап, демін ішіне тартып, бір сәт кадалып қалды. Әне, әне! Енді дүниенің бәрі ұмыт болды. Көрдін бе, сызып келеді, анау бара жатқан Ыстықкөлдің айдын төсіндегі ақ кеменің бері шыга бергенін карашы. Әнеки, әне! Дәл өзі, үсті қаз-қатар мүржа сияқты, көрдің бе, жүрісін-ай шіркіннің. Қандай тамаша! Оқтай түзу, алған бағытынан қайтпай жүзіп барады. Бала дүрбінің эйнегін көйлегінің етегімен бір сүртіп, өзінше жөндеген болды. Пароходтың бар болмысы, бұрынғыдан да айқын көрінді. Енді тол- қын үстінде теңселіп бара жатқаны да айқын сезіледі. Ізінде қалып бара жатқан ақ көбік те көзге шалынады. Бала ақ кемеге бар ынтасымен үздіге қарайды. Әттең, дүние! Шамасы келсе осы ақ кемені бермен, өзіне қарай жүз дер еді. Ол бері қарай келсе, үстіндегі адамдарды да көріп, қанша рақатқа батар еді. Не пайда, кеме баланың бұл арманын қайдан білсін. Ол сол өзінің баяу, байсал- ды қалпымен, алған бағытында кетіп бара жатыр. Қай- дан шығып, қайда бара жатқаны беймағлүм.

Кеме де баланың көз алдында үзақ жүзді, осыған орай бала да өзінің балыққа айналып, ақ кемеге қалай жүзіп баруының жолдарын ойланды…

Осы Қарауылдың басынан жалқын-жасыл Ыстық- көлдің үстінде жүзіп бара жатқан таңғажайып ақ шан- кан кемені алғаш көргенде, жүрегі алабүртып кеткен-ді. Әкесінің Ыстықкөлде матрос дегенін естіген бала, оны дәл осы кемеде істейді дегенге өзін іштей берік сендіріп алған. Солай болса екен деген сәби сенімнен айрыл- мауға берік бел буған.

Әкесі де, шешесі де баланың есінде жоқ. Өмірінде оларды көрген де емес. Олардың да бірде-бірі мұны іздеп келген жоқ. Бірак бала әкесінің Ыстықкөлде мат­рос екенін, шешесінің күйеуінен ажырасқаннан кейін ба- ласын шалдың қолына қалдырып, өзі қалаға кеткенін біледі. Сол кеткеннен хабар-ошарсыз мол кетті. Алыс қалада, таудың ар жағында, одан кейін көлдің ар жа- тында тағы бір тау асқан жақта дегенді естіген.

Момын атасы бір жолы сол қалаға барып картошка сатқан. Бір жұмадай жоқ боп кетіп еді, келген соң шай- дың үстінде Бекей апай менен кемпірге сонда қызын көргенін, осы баланың шешесін көргенін айтқан. Үлкен бір фабрикада тоқымашы болып істейді екен. Жаңадан үй болыпты. Екі қызы бар, олар бала бақшасына бара- тын көрінеді. Аптасына қыздары үйлеріне бір-ақ рет келеді екен. Зәулім үйдегі жалғыз бөлмеде тұрады екен. Бөлмелерінің тарлығы сондай, айналуға келмейді. Бәлен жыл көрші отырған адамдар базаршылар сияқты бірін-бірі танымайды екен. Үйлеріне келсе-ақ, есіктерін жауып алады, бұл не деген тірлік?! Есігін құлыптап та адам өмір сүре ме екен? Оның, түрмеден айырмасы қан- ша! Күйеуі қаланың ішінде адам таситын автобустың шофері көрінеді. Таңғы төртте кетіп, түн ортасында ора- лады. Неткен машақат ауыр жүмыс десеңізші! Қызы жы- лап, еңіреп кешірім сұрапты. “Жаңа үй алудың кезегін күтіп жүрміз, қашан аларымыз белгісіз депті. Алда-жал- да кеңірек үйге қолдары жетіп, күйеуі рұқсат етсе, бала- сын алдырмақ ойы бар екен. Шалға әзірше сендердің қол- дарыңда бола тұрсын”, – деген екен, атасы оған: “Қам жемей-ақ қой, баланы ойлай берме, ең алдымен мына от басыңның бірлігін камда, қырғи-қабақтан көрген күнің белгілі, қалғанының бір жөні болар”, – депті. “Көзім тірісінде немеремді ешкімге бермеймін. Ал ертең, көзім жұмылған күні құдай жар болсын, тірі адам өзінің жолын әрдайым табады”. Шалдың бүл сөздерін естігенде, Бекей апай да, кемпір де күрсініп, көздеріне жас та алды.

Дәл осы күнгі шайдың үстінде баланың әкесі туралы да өңгіме қозғалды. Шалдың естуінше мұның бұрынғы күйеу баласы, баланың әкесі бір кемеде матрос болып істейді екен. Үйлі-баранды бопты. Екеу ме, үшеу ме ба­ласы бар дейді. Пристаньда тұратын көрінеді. Ішуді тас- тапты дейді. Қазіргі әйелі балаларын жетектеп, өрда- йым күйеуін қарсы алуға пристаньға барады екен. “Ә, енді түсінікті болды, – деді бала ішінен. – Олардың қар- сы алатыны осы кеме екен ғой…”

Ақ кеме сол жүзген бетімен үзай берді. Ана басы мен мына басы ат шаптырым аппак көрінетін ол көк жалқын көлдің айнадай жалтыр бетімен, мұржаларынан түтін атып бара жатыр. Балыққа айналған бала оның ізімен куып келе жатқанын қайдан білсін.

Балыққа айналуға ынтызарлығы сонша, денесінің барлығы балыктан айнымаса екен деп арман етеді. Құйрығы, желбезегі, қабыршағы, қанаты, – барлығы ба­лыктан айнымай, тек қана кылқан мойны, қалқан құлағы осы бір қауақ басы сол қалпында қалса екен дейді. Сонымен бірге осы көзі де балық көз болмай, ор- нында қалса оңды болар еді. Бірак кейде ашыған кезде жүмып, қалғып кетеді, кейін үйренгесін ол болмайды ғой. Баланың кірпігі бұзаудың кірпігі сияқты жиі қыпы- лықтап тұратын ұзын кірпік. Гүлжамал, шіркін, сенің кірпігіңді менің қызыма берсе, қандай сұлу боп өсер еді”, – дейді. Сұлу боп өскенде не пайда, сұлу жігіт бол- ганның пайдасы не? Соның еш нәрсеге керегі жоқ. Бұл балаға сүлу көзден гөрі судың астында жұмылмайтын, бәрін анық, айқын көретін көз керек.

Бұл балыкқа атасының қалап берген тоғанының ішінде айналуы шарт. Көзді ашып-жұмғанша балық бо- лады да, жалма-жан тоғаннан шоршып шығып, ақ жал- данып жатқан ақ түтек ағынға бір-ақ қояды. Ағыстың ығымен тартып бара жатыр. Анда-санда шоршып, су бетіне шығып жан-жағына карап қояды. Өмір бойы су- дың астында жүзе берудің де қызығы болмайды ғой. Міне, ол алысқан екпінімен қызыл қоңыр жардың жаны- нан өтіп бара жатыр. Аспалы көпірден де өтеді. Еңіс таулар, жыныс ормандар, жайдақ-жайпауыт жерлер бәрі артта қалады. Өзінің сүйікті достары дөңбек тастарымен де “Көріскенше сау бол, түйем, қош болып тұр, қасқы- рым”, сен де аман бол, ерттеулі атым, тағы бір айналып соғармын, танкім”, – дейді. Қорымның жанынан өте бер- генде, судың бетінен мойнын созып, атасына қанатын былғап: “Қош бол, ата! Мен ұзамай оралам!” – дейді. Атасы аң-таң, не қыларын білмей аласұрады. Кемпір, Бекей апай, қызын көтеріп тұрған Гүлжамал “бұл не де­ген ғажайып” деп ауыздары аңқиып қарап қала береді, өйткені олар басы адам, денесі балық болган кісіні көрген емес қой. Бұл оларға қанатын бұлғап: “Сау бола тұрындар, Ыстыккөлге жүзіп бара жатырмын, ак кемеге барам, онда менің өкем матрос болып істейді”, – дейді. Бәлтек бишара менің кетіп бара жатқанымды біліп, өзенді жағалай тұра жүгіреді. Ит деген мұндайды өмірі көрме- ген ғой. Егер Бәлтек ақымақтық жасап, суға қарғып түскісі келсе, ол судың ішінен айқайлайды. “Әй, Бөлтек, байқа, суга кетіп қаласың”, – дейді. Сөйтіп өз жөнімен жүзіп кете барады. Талай аспалы көпірлердің астынан өтеді, өзеннің екі бетіндегі шатқал, тоғайлар қала береді. Сонымен небір ғажайып бұрылыс, бұралаң адуын ағыс- тармен алыса отырып, бірден Ыстықкөлге келіп түседі.

Ал Ыстықкөл дегеніңіз шалқар теңіз. Бұл жерде енді кеңшілік. Ыстықкөлдің толқынынан-толқынына асылып, еркін жүзеді. Алған бағыты ақ кеме. “Армысың, ақ кеме! Бұл келе жатқан мен ғой!” – дейді ол кемеге. – Сені дүрбімен талай көріп жүрген адам мен болатынмын”. Кеменің үстіндегі адамдар мынау не деген ғажайып деп, аңырып қалады. Таңданғаннан жағаларын ұстайды. Сол кезде бұл өзінің матрос әкесіне: “Ассалаумағалейкүм, папа!. Мен сенің балаңмын ғой! Саған жүзіп келіп тұрмын” дер едім. “Қайдағы баламсың? Өзіңнің басың адам, басқа денең балық қой?” “Сен әуелі мені кемеңе мінгіз, содан кейін мен сенің кәдімгі балаң, болам”. “Мынау ғажап екен! Ал көрейік ендеше”. Әкесі тор тас- тап, мұны судан алады-дағы, кеменің үстіне шығарады. Сол сәтте ол өзі баяғы қалпына келеді. Ал содан кейін, содан кейін не болады?..

Содан кейін кеме сол бетімен жүзе береді. Бала өзінің барлық көрген-білгенін, қандай өмір кешкенін әкесіне түгел баяндайды. Өзі тұрған таулар, өзінің дос дөңбек тастары, орман қорығындағы адуын өзен, атасы- ның қалап берген тоғаны, со жерде қалай жүзіп үйренгенін, сүңгіген кезде балықша көзін ашып жүзгенін, не керек, бәр-бәрін баяндайды…

Эрине, Момын атасымен қалай тұрған жағдайын да айтады. Әкесі Елпек Момынды жаман кісі деп ойлама- сын, ол жұрт айтқандай ынжық адам емес. Мұндай ата ешкімде жоқ. Дүние жүзіндегі ең мейірімді, ақ жүрек осының атасы. Қулық-сұмдықты білмейтін болғасын ғана жұрт мұның атасын мазақ етеді. Ана Оразқұл ағай болмаса, жағдайы оңды болар еді. Шалға әкіреңдейтін сол. Кейде жұрттың көзінше атайды жер-жебіріне жетіп сөгеді. Атам байғұс оған қарсыласудың орнына барлы- ғын кешіре береді. Оразқұлдың үй шаруасын да, орман- дағы жұмысына қарайтын да жалғыз менің атам. Атам- ды Оразкүл малайына айналдырып алған. Ол – ол ма Оразқұл мае болып келгенде, ол арсыздың бетіне түкірудің орнына атам елпек қағып, атының шаужайы- нан ұстап, аттан түсіріп, үйіне апарып, үстіне тон жа- уып, тоңып қалмасын деп жік-жапар боп жүреді. Содан кейін аттың ер-тоқымын алып, сылап-сипап, алдына шөп салады. Соның бөрі бала тумаған Бекей апайдың қырсы- ғынан-ау деймін. Папа, мүнысы несі? Адам туатын кезде туып, тумайтын кезде тумаса ғой, қандай жақсы болар еді. Әсіресе, Оразқұл Бекей апайды сабағында, атама сондай жаным ашиды. Бекей апайдың орнына атайдың өзін сабағаны жақсы. Бекей апай таяққа жығылып, зар қағып жатқанда, атам кірерге жер таппайды. Шалдың қолынан не келсін. Қызын арашалауға үмтылса, кемпір шалғайына жабысып жібермейді. “Жұмысың болмасын, өздері өздерімен болып жатыр, сен қақбасқа не жоқ? Әйел сенікі емес, отыр артыңды қысып”, – дейді. “Ойбай-ау, қыз менікі ғой”, – десе, кемпір түрып: “Егер көрші тұрмай, басқа жақта болсаң, қайтер едің? Сонда сонша жерден шауып келіп, арашаға түсер ме едің? Өйтетін бол- саң сенің қызыңды кім қатын қып үстап отырады?”

Қазіргі айтып отырған кемпір баяғы біздің әжеміз емес, ол кісіні сен білетін шығарсың, папа, бұл кемпір басқа, туған әжеміз менің кішкентай кезімде өліп кал­ган. Содан кейін осы кемпір келді. Біз тұрған жерде ауа райы да қызық, бірде тұман, бірде жаңбыр, бірде бұршақ, аумалы-төкпелі дүние. Үйдегі кемпірдің де мінезі сондай. Кейде мейірімді, кейде қабағынан кар жа- уып жүреді. Кейде не ойлап жүргенін өзің де білмейсің. Ашуланған кезде жер-жебіріңе жетеді. Атамыз екеуіміз үн шығармаймыз”. “Өгейді қанша асырасаң да өгейлігіне басады, одан жақсылық күтпе” дейді. Былайынша Кара­ганда, мен ол үйге өгей емеспін гой, папа. Мен кішкентай күнімнен атаммен бірге түрам, өгей сол кемпірдің өзі. Біздің үйге кейін келді гой? Келе салысы- мен мені өгей деп атауды шығарды.

Қыстың күні кар деген сонша қалың жауады, осы менің кеңірдегімнен келеді. Омбы қарлар жал-жал боп жатады. Орманға барарда көк ала бас аттан басқа бұл қарды бұзып ешкім жүре алмайды. Жел деген де сұмдық қатты. Жынданып соққан кезде аяқ-қолыңды жерге тигізбейді. Мына көлдеғі толқындардан сенің кемең біресе олай, біресе бұлай шайқалса, осы көлді теңселтіп жатқан біздің Сантастан соққан жел дей бер. Баяғы бір заманда жау әскері осы біздің жерді басып алуға келіпті, дейді атам. Сол кезде біздің Сантастан соққан желдің күштілігі сондай, жаулар аттың үстінде отыра алмапты. Аттарынан түсіп, жаяу жылжыған екен, оған да болмапты. Жел деген бет бақтырмай қызыл-ала қанға бояпты. Сол кезде олар шамасы келмей артына қарай бұрылған екен, арқадан соккан адуын жел алды-артына қаратпай осы Ыстықкөлдің жағасынан бірде-бірін қал- дырмай қуып шыққан екен. Көрдің бе, қандай хикаялар болған. Ал біз болсақ, сол желдің өтінде тұрамыз. Бөрі біз отырған жерден басталады. Қыс бойы өзеннің арғы бетінде орман бірде күрсініп, бірде теңселіп, осы желдің әсерінен ызғиды да жатады. Кейде сондай қорқынышты.

Қыстың күндері орманда жұмыс онша көп емес, адам да аз болады. Тек қана жазды күні әрі-бері көшкен мал- шыларды ғана көреміз. Жаздың күні жайылымға кеп тоқтаған отар-отар қой, үйір-үйір жылқы сондай тама- ша, менің бір қуанышқа бөленетін шағым. Бірақ ертеңіне олар ары карай тауға жылжиды. Олардың өткінші болса да, келіп-кетіп жүргені рақат. Балалары, әйелдері бәрі жүк машинасымен келеді, барлық мүлкін, киіз үйлерін сол машиналарға артып жүреді. Олар үйлерін тіге бастағаннан-ак біз атамыз екеуіміз сәлем беруге барамыз. Бәрінің де қолын алып амандасамыз. Мен де сүйтем. Жасы кіші адам үлкенге алдымен кол беру керек, дейді атам. Қол бермеген адам жақсы емес, ондай адамды сыйлауға болмайды, дейді. Және оның үстіне қол берген жеті адамыңның біреуі пайгамбар бо- лып шығуы мүмкін дейді. Оның қолын алған үлкен бол- сын, кіші болсын өмір бойы бақытқа бөленеді дейді. Егер ол пайғамбар болса, біз қолын алып жатқанда пайғам- бармын деп неге айтпайды? – деймін мен. Атам бүл сөзіме күліп, ойбай, қалқам-ай, пайғамбар ол өзінің пай­гамбар екенін білмейді ғой? Қарапайым ғана адам. Өзінің қарақшы ұры екенін тек қарақшы ұрылар ғана біледі. Маған бұл сөзі онша түсінікті емес. Мен кездес- кен адамның бәріне қол беріп амандасам, бірақ кейде өзімнен-өзім ұялып тұрам.

Жайылымдағы малшыларға атаммен бірге барғанда, әрине, ұялмай қол алыса берем.

“Уа, ата-бабаның жайлауына келген қадамдарың қа- йырлы болсын, мал-жандарың аман ба, бала-шағаларың сау ма?” – дейді атам бөріне. Мен үндемей қол ала берем. Атамды бәрі таниды, атам оларды да жақсы біледі. Өзі желпініп рақаттанып қалады. Бүлардың өзара әңгімелері бар, олардың жай-жапсарын сүрап, өзіміздің де жағдайы- мызды баяндап жатады. Ал мен малшылардың, балалары- мен не сөйлесудің ретін таба алмаймын. Шамалыдан кейін тығылыспақ ойнап, соғыс ойнап, мәз болып улап- шулап кетеміз. Олардан ажырасқым келмейді. Шіркін, жайлауда балалармен ойнаған қандай ғажап! Өмір бойы жаз болса ғой, ойын да үзілмес еді.

Біз ойнап жүргенде ошақтағы оттар да лаулайды. От жанған кезде бүкіл жайылым жап-жарық болып кетеді дейсің бе, папа-ау, мүлде олай емес, ошақтың айналасы жарық болғаны болмаса, жан-жағы қараңғыланып кетеді. Осы кездері соғыс ойынын бастап жіберіп, бір- бірімізді іздеп, бір-бірімізге шабуыл жасап мәз боламыз. Кинодағыдан айныса бұйырмасын. Егер сен командир болсаң, бұйрығыңды бәрі тыңдайды. Шамасы, коман- дирдің командир болғаны рақат-ау…

Содан кейін таудың ар жағынан ай туып келеді, ай- дың жарығымен ойнаған бәрінен қызық. Не пайда, бұл кезде атам мені алып қайтады. Біз жайылымды аралап, аласа тоғайшықтардың ішімен келе жатамыз. Қойлар жатқан, жылқылар жайылып жүр айнала. Жол үстінде әлдебіреудің салған әнін, айтқан өлеңін естиміз. Оны айтып жатқан жас па, кәрі ме кім білсін, атам сол кезде кілт тоқтап: “Мінеки, тыңда! Мұндай өлеңді күн сайын естіп жатқан жоқсың”, – дейді. Екеуіміз тұра қалып, тыңдаймыз. Әннің ырғағына балқып, басын изеп тұрып, атам күрсінеді.

Атам айтады: ілгергі уақытта бір ханның қолына бір хан тұтқынға түсіпті. Сонда тұтқын ханға анау хан: “Егер құл болып өмір сүргің келсе, осылай жүре бересің, болмаса ойыңда не арманың бар, соны орындайын, бірақ артынша басыңды алам”, – депті. Сонда тұтқын ойланып отырып: “Қүл болып тірлік еткім келмейді, онан да мені өлтіргенің абзал. Бірақ өлтірердің алдында менің ота- нымнан көзіңе көрінген бір қойшыны әкел”.

“Оның керегі не саған?”

“Өлердің алдында соның әнін бір естіп кеткім келеді”, – депті. Атамның айтуына қарағанда, өз халқыңның әні үшін адам өмірін қияды, дейді. Сондай адамдардың түрі қандай болады екен, көрер ме еді өздерін? Мүмкін, ән үшін басын беретін адамдар үлкен қалаларда түратын шығар?

“Тыңдағанда бойың шымырлап қоя береді, – дейді сыбырлап атам. – Ой алла-ай, неткен ғажайып ән еді!..”

Мен атамды сонша аяп, сонша жақсы көретінімді осы күнге дейін түсінбеймін. Атам дегенде іші-бауырым елжіреп, кейде жылағым келеді…

Ертеңіне-ақ жайылымда тірі жан қалмайды. Қойла- рын айдап, жылқыларын қайырып, жаз бойы тау беттеп кете барады. Бірақ олардың ізінше басқа колхоздардан, басқа көштер келіп-кетіп жатады. Күндіз олар жайылымға көп аялдамай өтіп кетеді де, кешкұрым жеткендері ғана тоқтап, түнеп шығады. Сол кездері біз атамыз екеуіміз ел-жұртқа сәлем беруге аттанамыз. Атам жұртпен аман- дасуға сондай құмар, бұл әдетті мен содан үйреңдім ғой. Мүмкін, өстіп жүргенде кім біледі, осы жайылымда пай- ғамбарға кездесіп қалармын…

Қыс түскенде Оразқұл мен Бекей апай қаладағы дәрігерге барады, сол дәрігер бала туғызатын дөрі беріп, көмектеседі дейді. Әжемнің айтуына қарағанда дөрігерден пайда жоқ, сдан да әулиеге барып түнеу ке- рек дейді. Ол әулиенің жатқан жері таудын ар жағын- дағы мақта егетін жерде болса керек. Сол бір жазықта тау да жоқ, тас та жоқ, әдейі қолмен қойғандай бір жетім шың бар екен. Оны Сүлеймен тауы деп атайды. Соның етегіне барып, қара қойды шалып, қүдайға жал- барына, таудың басына шыққанша еңкейіп мінажат ету керек. Егер сенің көз жасың, пейілің адал болса, құдай тағаланың рахымы түсіп, саған бала береді дейді. Бекей апай сол тауға барып, түнеп кайтуды арман етеді. Бірақ оған Оразқұл: “Алыс, жердің түбі, қыруар ақша керек, оған самолетпен барасың, самолетке жеткенше қанша жер, оған да ақша керек”, – деп ыңғай бермейді.

Олар қалаға кеткенде, жалғызсырап каламыз. Бар болғаны Сейдахмет ағай, оның өйелі Гүлжамал, кішкен- тай қызы, сосын мына біздер.

Кешке таман жүмыс аяғы басылғанда, атам маған ертек айтады. Үй сыртында көзге түртсе көргісіз, тастай қараңғы, сақылдаған сары аяз соғып тұрады. Жалаңда- ған үскірік жел, ең биік деген таулардың өзі мұндай аяз- ды түндерде берекесі қашып бүрісіп пана іздегендей, біздің үйдің сыртына жақындап қалғандай болады. Ша­маем, терезенің жарығына жиналады-ау деймін. Мен мұндайда бір жагынан қорықсам, бір жағынан қуанам. Егер мен алып күшті батыр болсам, үстіме алыптар киетін тонымды киіп алып, далаға шығар едім. Содан кейін бар даусыммен тауларға: “Ей, таулар! Мен мұнда- мын, бүрісіп құттарың қашпасын, мейлі боран соқсын, мейлі дауыл тұрсын, мейлі бүкіл әлемді түнек бассын, мен еш нәрседен қорықпаймын! Мен тұрғанда сендер де қорықпаңдар! Өз орындарыңнан жылжымаңдар. Йемене бұл, біріңе-бірің тығылысып бүрісіп қалғандарың!” – дер едім. Содан кейін алып адыммен жал-жал болып жатқан оппа кардан аттап, өзеннен бір-ақ қарғып, орманға кірер едім. Ормандағы ағаштар түннен сұмдық қоркады. Олар жалғыз-жалғыз, бірімен бірі сөйлеспей тұрады ғой. Әсіресе, осындай аязда тоңған тырдай жалаңаш ағаштар қайда кетерін білмейді. Мен сол кезде барлығының арқа- сынан кағып: қорықпаңдар, мықты болыңдар дер едім. Жазды күні көктемей қалатындары болады ғой, шамасы солар аяздан қорыкканынан жүрегі жарылып кеткен ағаштар болу керек. Өйткені ылғи сондай ағаштарды кесіп, біздің үй отқа жағады.

Мен осыны барлығын атам ертек айтып отырғанда, ойлаймын. Атам ертегісін ұзақ айтады. Ертегісі әр түрлі – әсіресе, ең қызығы бармақтай бала Шипалақ туралы.

Оны бір қорқау касқыр өзінің сорына жұтып жіберген екен, дейді. Жоқ, айтпақшы, оны ең алдымен жұтқан түйе. Бір күні Шипалақ жапырақтың астында бүк түсіп ұйқтап қапты. Жайылып жүрген түйе жаңағы жапырақ- ты асағанда бармақтай бала Шипалақ та бірге кетеді. Түйе не жеп, не қойғанын білмейді деген сөз содан қап- ты. Түйенің ішінде жатып Шипалақ ел-жұртты көмекке шақырып айқайды салсын кеп… Бармақтай бала Шипа- лақты қүтқару үшін шалдар түйені сойып, жайратып са- лады. Ал енді қасқырдың басынан өткен хикая бұдан да қырғын… Қаскырда ақыл шамалы болады ғой, сол ақымақтығының арқасында бармақтай баланы бүл да кағып салады. Содан кейін көрмеген қорлығы жоқ. Ол былай болған. Бір жолы қасқыр жортып келе жатып бар- мақтай баланың үстінен шығады. “Жүрмес жерде аяққа оралған неткен немесің. – Тұрған жеріңде қағып сала- йын ба?” деп қоқиланыпты. Қорқатын Шипалақ па: “Менде жұмысың болмасын қасқыр, маған тиетін болсаң ит қып жіберем сені”, – дейді қиқарланып. Қасекең күліп: “0 заманда бұ заман қасқырдың ит болғанын кім көріпті? Осы қияңқылығың үшін ал кеттің”, – деп бар- мақтай баланы жұтып жібереді. Жүтты – бітті. Бірақ сол күннен бастап, қасқырдың көрген күні құрысын. Қораға жақындап, енді қойға шабайын деп үмтыла бер- генде, ішіндегі Шипалақ: “Әй, қойшылар, ұйықтап қал- маңдар! Мен кәдімгі көк бөрімін, қойыңа шапқалы тұрмын”, – деп әндете жөнеледі. Қасқыр өбден сасқаны- нан өрі-бері домалап, екі бүйірін кезек-кезек тістелейді. Оған болып жатқан Шипалақ жоқ: Әй, қойшылар, қапы қалмаңдар. Үстап алып менің терімді сылыңдар”, – дейді. Мұны естіген қойшылар сойылдарын ала жүгіріп, қасқырға ұмтылады. Қасекең зытып береді: қашып бара жатып “Ал ұстаңдар”, – деп өзіне-өзі пөле шақырған мұндай қасқыр да болады екен деп олар күлкіден ішек- сілелері қатып құлай-құлай кетеді. Сөйтіп өзі өлдім-тал- дым дегенде қойшылардан өрең құтылады. Бүйтіп құты- лғаны да құрысын, қайда барса ішіндегі Шипалақ пөлеге ұшыратады да жүреді. Қасқыр мазаққа айналады. Соны- мен, қасекең аштықтан бұралып тек терісі мен сүйегі ғана қалады. Азуын қайрап өлерменге келеді. Өзінен-өзі налып: “Бұл не деген сұмдық? Басыма пәле шақыратын- ды қайдан шығарғанмын? Әлде қартайып алжығаным ба?” деп дал болады. Ал Шипалақ оның құлағына сы- бырлап: “Тәшметтің қорасына бар, қойы семіз. Байметтің қорасына шап, оның, иті тас керең. Ярматтың қорасына бар, оның қойшысы ұйықтап жатыр”, – дейді. Әл-дөрменнен айрылған қасқыр ақырында қыңсылап: “Еш жаққа да бармаймын, бұл қорлықты көргенше біреудің есігінің алдында ит болғаным артық”, – депті.

Папа, тамаша ертегі емес пе, қандай қызық! Атамның ертегілерінің ішінде қорқыныштысы да, қайғылысы да, мұңлысы да көп-ақ. Соның ішінде менің ең жақсы көретінім: Мүйізді Бұғы ана туралы ертегісі. Ыстықкөлдің төңірегіндегілердің барлығы бұл ертегіні білу керек, мұны білмеу үлкен күнә дейді атам. Папа, бұл ертегіні сен де білетін шығарсың? Осындағының, бәрі шындық, болған оқиға дейді. Бір кездері солай болыпты. Біздің бәіміз де сол Мүйізді Бұғы ананың баласы көрінеміз. Мен де, сен де, өйтеуір бәріміз де содан тараппыз…

Міне, қыстыгүнгі өміріміз осылай өтіп жатады. Қыс дегеннің өзі ұзақ, адамды зеріктіріп жібереді ғой. Атам- ның ертегісі болмаса, қыстың ұзақ түндерінде адам жын- данып кететін шығар.

Ал жазға салым біздің жер сондай тамаша! Күн жы- лына бастағаннан-ақ малшылар тауға беттейді. Ол кезде біз тауда жалғыз емеспіз. Тек қана өзеннің ар жағында аулақ жерлерде ешкім болмайды, ол қалың жыныс орман ғой. Орманның өз тірлігі бар. Біз сондықтан да сол қалың орманға ешкімді жібермеуге, одан ешкім бірде-бір бұтақ сындырмау үшін кіре берісте отырамыз. Бізге тіпті оқымысты адамдар да келді. Орталарында бір шал, тағы бір жас жігіт, шалбар киген екі өйел бар. Ана жігіт оқиды екен, бізде бір айдай тұрды. Шөп, жапырақ, сабақ жина- ды. Олардың айтуына қарағанда, Сантастағы ормандай орман дүние жүзінде сирек қалды дейді. Тап осындай ор­ман әлемде жоқ көрінеді. Сондықтан да мұның әрбір түп ағашын көздің қарашығындай сақтау керек.

Бақсам, атамның бұл ағаштарға соншама жаны аши- тыны тегін емес екен. Оразқұл бір ағашты біреуге кесіп беріп жіберсе, атамның неге ренжитінін сонда түсіндім.

3

Ақ кеме ұзай берді. Енді дүрбіден оның мұржалары да еміс-еміс көрінеді. Үзамай көзден жоғалады-ау. Енді бала әкесінің кемесіне барған хикаяның соңын бір түйінге келтіру керек. Бөрі жақсы-ақ, бірақ аяғын немен бітірерін білмей отыр. Ол қалай балыққа айналғанын, есік алдындағы өзеннен қалай жүзіп барғанын, кемемен қалай кездескенін, әкесін қалай көргенін барлығын та- маша-ақ келтірді. Бірақ оқиғаның одан арғы жағы жуыс- пай-ақ тұр. Өйткені мысал үшін, анау жар жағалау көрінді, кеме пристаньға беттеді. Матростар жағаға шығуға жинала бастады. Олардың бәрі үйді-үйіне кетеді, әкесі де үйіне кету керек. Әйелі мен екі баласы пристань- да күтіп жүр. Енді қайтпек? Әкесімен бірге бару керек ne? Ол баланы ертіп кете ала ма? Ертіп апарған күнде әйелі мынауың кім? Қайдан келген өзі, бізге керегі не? – десе не демек. Жоқ. Оған еруге болмайды екен…

Ақ кеме тым үзап, енді көзге елес болып көрініп, соңғы қарашыққа айналды. Күн суға батып бара жатқан- дай. Дүрбіден қызыл ала алаулаған жалын көл бетін жапқанда көз шыдатар емес.

Кеме жоғалды, гайып болды. Міне, ақ кеме туралы ертегі де бітті. Енді үйге бару керек.

Бала қасында жатқан портфелін алып, дүрбісін қол- тығына қысты. Тау басынан темен карай ойқастай жүгіре жөнелді. Үйге жақындаған сайын көңілі қобалжи берді. Бұзау жалмап тастаган көйлекке жауап беру сәті тұр. Одан бәрібір құтыла алмайды. Неге болса да мойын ұсынып келеді. Бала өз көңілін өзі көтеру үшін қолын- дағы портфеліне: “Сен қорықпай-ақ қой, жарайды, бізге ұрсатын шығар. Мен бұзауға әжемнің көйлегін шайна дегенім жоқ қой? Бірақ оның кораға қарай қалай кетіп қалғанын байқамаппын. Көп болса мені бір-екі рет түйгіштер, шыдаймын бөріне. Егер сені менің қолымнан алып лақтырып тастаса, қорықпа, сен сынып қалатын шыны емессің, портфельсің ғой? Ал мына дүрбі кемпірдің қолына түсе көрмесін, онда мұның тас-талқа- ны шығады. Ең алдымен дүрбіні сарайға апарып тыға- мыз, содан кейін үйге кіреміз…” – деді.

Бала осы айтқанын істеді. Ендігі бір азап – табалды- рықты аттап үйге кіру.

Үйдің іші құлаққа ұрған танадай тым-тырыс. Қора- ның ішінде тірі жан жоқ, барлығы да осы жерден жаңа ғана көшіп кеткендей, мылкау, тыныштық. Бақса, Бекей апайды байы тағы сабаған екен. Бұ жолы да Момын ата­сы хайуан мінез күйеу баласынан қызын арашалап, шал- ғайына жабысып, аяғына жығылып жалынып-жалпайып, өбден шаршаған. Сорлы шал іштен шыққан қызының қан-жоса масқара қалпына тағы куә болыпты. Әке деген сорлыға өз баласының, өзгеден естіп жатқан лағнаты мен жеген таяғын көру оңай ма?! Қураған қаншық, қысыр есек, не керек, Оразқұлдың аузынан ақ ит шығып, қара ит кіріп жатады. Жанталасып есеңгіреген сорлы әйел: “Қай пейілімнен бұл құдайға күнәкар болдым екен. Жүрттын әйелі қойдай қоздап жатады. Мен сор- лыға ермек етер бір шикі өкпе аядың ба, бүйткен тірлігін жер жұтсын. Бездім өмірден, өлтір, жауыз, арманың со- нымен бітсін” деп бүкіл әлемге қарғыс айтып зар қаккан- да шал кірерге жер таппайды…

Момын шал әлі ентігін баса алмай, көзі жұмулы, жүзінде қан-сөл жоқ, тізесіндегі қолдары діріл қағып, ауыр мұң-шер шегіп отыр екен.

Момын немересіне бір қарады да, тіл қатпастан қайта- дан көзін жұмды. Кемпір үйде жоқ. Ол Бекей менен Ораз- құлды татуластыруға, сынған ыдыс-аяқтарды жинасты- рып, көмек беруге кетіпті. Бұл кемпірдің мінезі қызық, Оразқұл өйелін сабап жатқанда ара түсу былай тұрсын, атасын да жібермейді. Төбелес әбден біткеннен кейін ақыл айтып, жұбатуға барады. Мұнысына да шүкірлік.

Балаға бәрінен де мына шал аянышты. Осындай күндері шал өзі өлім аузынан қалғандай болады. Ешкімге қарауға беті жоқ адамдай, бүкіл өлемнен қол үзіп, меңіреу, мелшиген қалпында бүрышта отырғаны мынау. Мұндайда не ойлап отырганын, жаны неге өртеніп, жүрегі неге күйіп отырганын тірі жанға айтқан емес. Бұл сөттері Момын өзінің картайган зауал шағын, еркек кіндіктіден жалгыз ұлы майданда қаза тапқанын есіне алады. Ол баланы өзінен басқа тірі жан білмейді, ескеріп жатқан ешкім жоқ. Ол тірі болса, мынадай қор тірлік, лағнат қамыт болмас па еді! Кім білсін? Өзінің бар қызығын, қасіретін ортақ өткізген кемпірі де дүние салды. Қартайғанда ол да жанды жегідей жейді. Бәрі тағдырдың ісі шыгар, бірақ екі қызының бірде-бірі бақытты болмады- ау. Кіші қызының баласын бұган тастап, калага барған- дағы күні анау. Қоралы жанмен аядай бөлмеде итшілеген өмір. Екіншісінің Оразқұлмен көрген күні мынау. Шал мұның жанында болганынан не пайда, қызы үшін барлық қорлыққа, зорлыққа шыдап-ақ келеді, бірақ тагдыр бүган ана болып бала қызыгын көруді жазбапты.

Оразқүлмен қосылғанына қаншама жылдар өтті… Жар қызығынан да, үй қызығынан да әбден бойы суы- ған, амал қанша барар жер, басар тауы жоқ. Көрі қой- дың жасындай жасы қалды. Ертең бұл пәниден көзі жұмылып кетсе, мына бейбақ қызының халі не болмақ?

Бала кеседе тұрған айран менен бір үзім нанды жеді дағы, терезенің алдына барып, бүрісіп отыра кетті. Шам да жаққан жоқ. Өзімен-өзі болып отырган атасының ма- засын алғысы келмеді…

Бала да өз ойымен әуре. Бекей апайдың, әумесер адамға арақ беріп есіртетініне күні бүгінге дейін түсінбейді. Өзі таяқ жеп алган соң, оның алдына тағы жартылық қояды…

Әй, Бекей апай, қайтейін сені. Талай рет байы өлімші қылып сілейтіп салды, бәрібір кешіре береді? Мо­мын атай да қарсы тіс жарған емес. Осыны неге сонша масайрататынына түсінбеймін. Мүндай адамға кешірім жасаудың өзі күнә емес пе? Бұл барып тұрған көргенсіз, дөректі, қатыгез адам. Тіпті осы үйлерге керегі жоқ мұның, онсыз да күн көруге болады гой.

Баланың ұшқыр қиялы Оразқұлды әділет жолымен қалай айыптауды айқын қолмен ұстагандай көріп отыр. Міне, бәрі жабылып, тоң мойын, кір жага, түйенің жар­ты етіндей хайуан Оразқұлды өзенге сүйреп барады. Аяқ-қолынан ұстап тұрды-дағы, өзеннің қайнар иіріміне лақтырып жіберді. Енді Бекей апай мен Момын атасы- нан кешірім сұрап, жалынып-жалбарынады. Өйткені ол балык болып жүзіп кете алмайды ғой…

Осы бір ойлар баланың бойын сергітіп тастады. Ол тіпті жүзу білмейтін Оразқүлдың тал қармап, тасқа жа- бысып, ар жағында ағып бара жатқан ши барқыт қалпа- ғымен ісі болмай жанталасқанын – бәрін көз алдында көріп тұрғандай мөз болып қалды.

Бірақ амал қанша, баланың осы бір әділ арманын ескеріп, іске асырып жатқан үлкендер жоқ. Қайта қол- паштаумен келеді. Оразқұл үйге әрдайым ішіп келеді, оны байқамаған болып бөрі қарсы алады. Аттан түсіріп, қолтықтап, марапаттайды. Әйелі самауырын ала жүгі- реді. Осыны сағынып күтіп отырғандай бөрі құрақ ұша- ды. Ол одан сайын шіренеді. Әуелі мұңайған болып оты- рады да, шамалыдан кейін жылайды. Япырау, дүние не боп кеткен. Былай қарағанда адам санатына қосылмай- тын тіпті амандасуға түрмайтын не бір ынжық, есуастар- дың баласы қаншама. Кейбіреуінде бесеу, ал енді он ба- ласы барды да көріп жүр. Оразқұл болса, соның қайсы- сынан кем еді? Соншама не жазыпты? Олардан қызметі кем бе? Құдайға шүкір, осы орманның ең мықтысы әзі. Йемене, ол үйсіз-күйсіз жүрген жалаң аяқ па еді? Ең ар жағы үйсіз-күйсіз сығандарға дейін балаларын шұбыр- тып жүреді. Оразкүл көзге ілінбес көптің бірі емес кой. Бәрі бар. Кімнен кем. Мал десе мал жетеді, астында ат, қолында қамшы, жұрттың бәрі құлшынып қол қусырып, қүрметтеп карсы алады. Өзімен қүрбылас өскен адамдар балаларын үйлендіріп, той жасап жатады. Ал бүл ше? Баласыз, үрпақсыз кім болғаны мүның сонда?

Бекей де жылап, еңіреп жүріп жаны қалмай байының бабын табуға кіріседі. Жасырып қойған жартылықты шығарады. Күйікке шыдамай өзі де ішіп жібереді. Бас- талды – кетті. Аздан соң Оразқүл жындана жөнеледі. Бақытсыздығының бас күнәкәрі – бар ашуын өзінің әйелінен алады. Көнбеске күн қайда, ең арғысы атасы да бұған мойынұсынып алған. Оразқүлға қарсы келіп аяқ-қолын байлайтын тірі жан жоқ. Азанда ол есін жия- ды, таяқтан көк ала қойдай болған әйелі шай койып қой- ған. Сұлыға тойған ат ерттеулі. Бұл жағын жайғасты- рып жүрген атасы. Шайға қанып алғаннан кейін Оразқұл атқа қонады. Тағы да бастық. Осы Сантастағы қалың орманның жалғыз құдайы өзі. Дәл осындай жек- сүрын зүлым адамды аяқ-қолын байлап, өзенге лақты- рып жіберу бірде-бір жанның ойына кіріп те шықпайды.

Әлдеқашан көз байланған. Аула іші де түн көрпесін жамылған.

Балаға тұңғыш портфель алынған күннің сиқы осы- лай өтіп бара жатты.

Жатардың алдында бала портфелін қоярға жер тап- пады. Болмаған соң өзінің қасына – бас жағына қойды. Әрине, ол мұндай портфельдің талайын, ертең мектепке келетін балалардың бірсыпырасының қолынан көретінін білген де жоқ. Бұған бәрібір қиналмайды. Өйткені мұның портфелі бәрінен тәуір екендігінде зәредей күмәні болмады. Ол өзінің сәби өмірін тағы бір ауыр тос- қауыл күтіп тұрғанын, сол күні бүкіл жарық дүниеде жападан-жалғыз қалғанда, қасында тек осы портфель ғана болатынын қайдан білсін, соның бәріне өзінің ең жақсы көретін Мүйізді Бүғы ана жайлы ертегінің себеп болатыны үш ұйқтаса ойында жоқ…

Осы кеште Бұғы ана туралы ғажайып ертегіні тағы бір тыңдағысы келіп еді. Бұл ертегіні айтуды Момын атаның өз де жақсы көретін. Анда-санда күрсініп, кейде көзіне жас алып, енді бірде үнсіз ойға шомып отырып, бәрін өзі көргендей, қолымен қойғандай баяндайтын.

Бүл жолы бала атасының мазасын алғысы келмеді. Дәл қазір оның, ертегі түгілі одан зорға мұршасы жоқ. Кейін өзіміз айтқызамыз, – деді бала портфеліне, – қазір мен айтайын, сен тыңда, мен оны жаттап алған- мын. Мүйізді бұғы ана осы күнге дейін көз алдымда. Тек сен ғана еститіндей сыбырлап, жаймен айтайын, құла- ғыңды сал да жат. Мен ертегі айтқанда бәрін кинодан көріп отырғандай баяндаймын. Атам бәрі де ақиқат оқиға дейді. Ол былай болған…

4

Бұл баяғыда болған хикая. Сол бір ерте заманда да жер бетінде шөптен ағаш көп екен, шөлден көл көп екен. Суы мүздай үлкен өзен жағасын қырғыздың бір тайпа елі жайлапты. Ол өзеннің атын Енесай дейді екен. Ол өзі бұдан алыста-а, Сібір дейтін жерде ағатын көрінеді, осы жерден атты адамның өзі үш жыл, үш айда зорға жетеді. Қазір ол өзенді Енесей деп атайды. Алғашқы аты Енесай ғой. Ол туралы мынадай өлең бар екен:

Сенен де кең су бар ма екен, Енесай, Сенен де өткен жер бар ма екен, Енесай. Сенен терең мұң бар ма екен, Енесай, Сенен еркін ел бар ма екен, Енесай?

Сенен еткен су болмайды, Енесай, Сенен эсем жер болмайды, Енесай. Сенен терең мұң болмайды, Енесай. Сенен еркін ел болмайды, Енесай.

Mine, Енесай осындай ересен үлкен өзен бопты. Жа- ғасын эр алуан ел жайлапты. Өзара өмір бойы жауласу- мен көрген күндері күн емес екен. Айнала жау бірінен соң бірі шауып кырғыздарға маза бермепті. Бұлар да қарап жатпапты. Кейде көрші тайпаларға шауып, үйлерін өртеп, адамын өлтіріп, батырын байлап, малын айдап кетіп тұрыпты. Адамға адамның аяушылығы жоқ. Әлі жеткені қырып-жойып кете беретін заман болыпты. Әрі-беріден соң егін егетін, мал бағатын, аң аулайтын ешкім қалмайды, қылышын жалаңдатып, найзасын шо- шаңдатып бәрі жаугершіліктің ізіне түсіп алған. Өлтір, тала, қыр-жойдан басқа мақсат жоқ. Жанға – жан, қанға – қан, кекке – кек көздері қанталап, бір-бірімен әбден өшігіп алған. Күн сайын қан, қаза көбейе берген – ат бауырынан қан кешетін күндер болады. Елдің есін жиғызып, сабасына түсіретін ақылгөй табылмайды. Кімде-кім жауын қапыда басып тігерге тұяқ қалдырмай талап, қан бөктіре қырып-жойса – сол ақылды, сол ғана атақ-абыройға, байлық-барлыққа ие болған.

Сөйтіп жүргенде, бір күндері орманда бір таңғажа- йып құс пайда болады. Ол құдайдың құтты күні көз бай- ланып таң атқанша кәдімгі адамша зар қағып, бұтақтан- бұтаққа секіріп: “Үлкен апат келе жатыр, кесепат-кесел келе жатыр” деп орманды басына көтеріп шығады. Көп ұзамай сол құстың айтқаны аумай-төкпей келеді де қояды…

Ол күні Енесайдағы кырғыздар өзінің ақылгөй ақсақа- лын жерлеп жатқан-ды. Ұзақ жылдар қолбасшы болған, талай жорықты бастаған, талай шайқаста жауын жермен- жексен еткен Күлше батыр еді ол. Қисапсыз қанды қыр- ғындардан аман қалған ақылгөй батыр о дүниеге аттан- ды. Қалың кырғыз қара жамылып қайғырады. Екі күн зар шегіп, үшінші күні батырды жерлеуге дес қойған. Ескі әдет-ғұрып бойынша ақылгөй ақсақалдың денесін Енесай- дың жағасындағы биік жартасқа апарып, барлығы көтеріп тұрады екен. Өйткені өлген адамның жаны анасы Енесай- мен сөйтіп қоштасуы керек. Ене деген ана деген сөз. Ал сай болса су ағатын аңғар. Марқұмның рухы осы жерге ақырғы рет Енесай жырын айтады.

Сенен де кең су бар ма екен, Енесай, Сенен де өткен жер бар ма екен, Енесай. Сенен терең мұң бар ма екен, Енесай, Сенен еркін ел бар ма екен, Енесай?

Сенен еткен су болмайды, Енесай, Сенен всем жер болмайды, Енесай. Сенен терең мұң болмайды, Енесай, Сенен еркін ел болмайды, Енесай!

Енді марқұмның бейіті қазылған төбенің басына шы- ғып, батырдың денесі салынған табытты бастарына көтеріп, дүниенің төрт қүбыласына қаратады екен. “Мы- Hay сенің өз өзенің, мынау сенің өз мекенің, мынау өзіңмен бір кіндіктен тараған өз жұртың, сені о дүниеге шығарып салуға келдік, топырағың торқа болсын”. Кейінгі ұрпақтарға үлгі болу үшін батырдың бейітінің басына заңғар тас орнатады екен.

Осы қайғылы күні тайпаның барлық киіз үйлері өзеннің жағасына қаз-қатар тігіліп, әркім өзінің табалды- рығынан шығып, батырдың денесімен қоштасады екен. Сырыққа байланған әр үйдің босағасындағы ақ туды жер- ге еңкейтіп, жұрт жоқтап, әркім өз есігінің алдында да- уыс салады. Содан кейін барып бірінен соң бірі табыттың соңынан ере береді. Тігілген үйлерді адақтап болған соң, тайлы-таяғы, еңкейген карт, еңбектеген баласына дейін қалмай шұбап, батырды жерлейтін жерге барады екен.

Сәске түс болып қалған уақыт, азалы күннің барлық дайындығы біткен. Қыл құйрық байланған батырдың туы да, сауыт-сайманы да тысқа шығарылған, жорыққа мінген атында қаралы жабу. Енді, міне, жүздеген жігіттер керней шалып, дауылпаз қағып күллі әлемді күңіренткелі тұр. Қазір орман біткен теңселіп, құс атау- лы көкті қаптай, кеудесінде жаны бар хайуанаттар сан қилы үн салып, өсімдік біткен жерге жабысып, тау жаң- ғыра теңселіп, өзен күрсіне шайқалады. Оған қосыла да­уне салатын әйелдер шаштарын жайып, Күлше батырды жоқтайды. Батырдың денесін иығына салып апаратын алып денелі жігіттер бір тізелеп дайын отыр. Барлық салт-дәстүр жасалып жатыр. Міне, енді батырдың денесін шығарады. Орман етегінде аска шалатын тоғыз бие, тоғыз өгіз, тоқсан қой матаулы түр.

Дәл осы сәтте көз көріп, құлақ естімеген сұмдық бас- талды да кетті. Енесайдың бойындағы елдер бір-бірімен канша жауласқанмен, көсемін жерлейтін күні көршіле- ріне шаппайтын, ал енді мына жауыздар қаралы қырғыз- дардың төңірегіне таң атпай ұрланып келеді де, енді жүрт батырдың денесін алып шыға берген кезде, жан- жақтан лап қойып бас салады. Жігіттердің бірде-бірі қару алып атқа мінуге үлгіре алмай қалады. Адам бала- сы көрмеген қансоқта басталады. Әйел демей, еркек де­мей бәрін қырып салады. Жаулардың мақсаты да өздеріне дамыл бермейтін тентек қырғыз тайпасынан тұқым қалдырмай құрту еді. Бүл қанды апатқа куә бо­лып кек қуар тірі жан қалу былай тұрсын, құмда ізі, жұртта белгісі қалмайтындай тып-типыл етті.

Адам баласының дүниеге келуі, өніп-өсуі үзақ сапар, ал оны өлтіру оп-оңай. Көзді ашып-жұмғанша бір тайпа ел қанға бөгіп қырылып қалды. Қылыштан, найзадан қашқандар адуын Енесайдың тұңғиық иірімінде жоқ бо- лып кете барды. Өзен бойындағы жағалай тігілген қыр- ғыз үйлері жалын құшағына енді. Қашып құтылған тірі жан жоқ. Бәрі о дүниеге аттанды. Үй мекеннің орнында жел суырған күл қалды. Өлгендердің денесін Есенсайға ағызып жіберді. Дегеніне жеткен жаулар болса, “Енді мына жер біздікі, мына орман біздікі, мына малдар біздікі”, – деп жар салып, мәз болып жатты.

Сонымен қаншама малды ызғытып айдап бара жат- қан жаулар жаңа ғана орманнан келген бір ұл, бір қыз- ды аңғармайды. Баланың аты бала емес пе, бір қыз, бір ұл таң атпай ата-енесінен үрланып, орманның ішіне жи- дек теруге кетіп қалған екен. Ойнап жүріп тым ұзап кетіпті. Ауылдағы азан-қазан, у-шуды естіген соң, бұлар үйлеріне қарай жүгіреді. Келсе жау шауып кеткен, бәрі өртенген, әке де жоқ, шеше де жоқ. Апа-қарындастардан да із-түз қалмапты. Сонымен екі бала туыстарынан да, руластарынан да айрылып қала беріпті. Балалар зар еңіреп, өртенген жұрттардың, бірінен соң біріне барып, тірі жан таппай енді не қыларын білмейді. Әп-сәттің ішінде тұлдыр жетім қалды. Бүкіл жарық дүниеде екеуінен баска тірі жан жоқ. Бұл елдің адамын қырып- жойып, енді үйірлеген жылкы, каралаған қойларын ай­дап бара жатқан жаулардың шаңы көзге шалынды.

Шаңды көрген екі бала солардың ізінше жан ұшыра жүгіре жөнелді. Қан шеңгел жаудың соңынан ойбайын салып зар еңіреп келеді. Балалардың өстетін әдеті ғой, жаудан тығылып, басын сақтап қалудың орнына ажал- дың аузына өздері бара жатыр. Бар үміті әйтеуір жапан- да жалғыз қалмау, мынау қарғыс атқан қанды жұрттан қашып құтылу. Әбден үрейі ұшқан қыз бен бала қол ұстасып, тоқтаңдар, ала кетіңдер деп зар қаға жүгіреді. Мол олжаны түре көшіріп бара жатқан қым-қуыт калың дүбірде бұлардың шырқыраған үнін кім естуші еді.

Қанша жүгірсе де, бала мен қыз бұларға жете алма- ды. Әбден титықтап, өкпелері өшіп, екеуі де кұлай- құлай кетті. Ең арғысы бас көтеріп, жан-жақтарына қарауға да корқады. Сондай қорқынышты сұмдық дүние.

Бірін-бірі құшақтап, өксіп жылап жатып, бір заманда ұйктап қалғандарын да сезбеді.

“Жетім жеті түлейді” деп бекер айтпаған болар, түннен әйтеуір екеуі де аман қалыпты. Орманның жын- шайтаны да, жыртқыш аңдары да бұларға жуымаптты. Ояна келсе таң атып қалыпты. Күн шыққан, құстар сай- рап жатыр. Балалар орындарынан тұрып, тағы да кешегілердің ізімен келе жатты. Жол бойындағы жидек, мәуемен қоректенеді. Жүре-жүре үшінші күн дегенде бұлар бір таудың басына келіп тоқтайды. Қараса, жазық жайлауда ұлан-асыр той болып жатыр. Тігілген үйлер- де, асылған қазандарда, сапырылысқан халықта қисап жоқ. Қыздар әткеншек теуіп, өн шырқап мәз-мейрам. Бірін-бірі бүркіттей бүріп, асықтай иіріп халықты қыр- ғын қызыққа батырып, күш сынасқан балуандар. Жаулар өзінің ұлы жеңісін осылай тойлап жатыр еді.

Бала мен қыз олардың жанына баруға жүрексінді. Дегенмен, анау қайнап жатқан қазаннын ішіндегі піскен еттің иісі мұрындарын жарып, қарны ашқан сәбилердің сілекейін шұбыртады.

Балалар шыдай алмады. Солай қарай беттеді. Тойдың иелері бұларды көргенде, өздерінен-өздері таңданып:

– Сендер кімсіңдер? Қайдан жүрсіңдер? – дейді.

– Қарнымыз ашты, тамақ берсеңдер, – деді бала мен кыз.

Бұлардың кім екенін сөйлеген сөздерінен бірден тани кетті. Бәрі шулап қоя берді. Мынау деген кешегі қыр- ғынға ұшыратқан қырғыздардан қалған тұқым ғой. Қазір көзін жою керек, – деп бірі айтса, екіншісі ханға апару керек, – деп кергіді. Бұлар осылай жағаласып жат- қанда, бір иман жүзді әйел балалардың қолына бір-бір үзім жылқы етін ұстатып та үлгіреді. Өздерін ханға әке- ле жатқандарымен ісі жоқ, қолдарындағы етпен әуре. Енді міне, бұлардың өзгеден еңсесі биік, босағасында күнмен шағылысқан ай балталары бар сақшылар тұрған Кызыл үйдің алдына алып келді. Осы ауылдың барлығына “бұл қырғыз руының балалары қайдан шықты?” деген суық хабар ауызба-ауыз тарап жатты. Бұ не деген сұмдық? Жұрттың бәрі күресті де, ойын-күлкіні де, той жабдығын да қойып, хан ордасының төңірегіне жиналды. Хан бұл кезде шаңқан ак киіздің үстінде өзінің әскери басшы- ларымен отыр еді. Бал араласқан қымызды анда-санда бір жұтып қойып, өзін мадақтап, әруағын көтерген жыр тыңдап отырған. Бұлардың неге келгенін білгеннен кейін, хан қаһарына мініп: “Менің осы бір көңілді күйімді бұзуға қайсыңның жүрегің дауады? Қырғыз ата- улыдан тірі жан қалдырмай көзін жойған жоқ па едік? Ал мен сендерге Енесайды мәңгі-бақи жаулап алып бер- ген жоқпын ба? Йемене, бәрің бірдей аңтарылып қал- дыңдар, су жүрек немелер! Алдарыңдағының кім екенін көрмей тұрсыңдар ма? Әй ақикөз, ақсақ кемпір, қайда- сың” – деді хан айқайлап. Ақсақ кемпір де бұл сәтте есік алдына келіп калган екен. – Сен кемпір мыналарды аулақ апар да, көзін жой! Сонымен қырғыз атаулының мәңгі- бақи аты өшсін. Бар енді, кемпір, арманым осы, орында.

Ақсақ, кемпір басын иді де, бала мен қыздың қолы- нан жетектеп үнсіз-түнсіз кете барды. Бұлар орман ішімен қаншама жүреді. Содан кейін Енесайдың жаға- сындағы құзар жар тастың басына шықты. Осы жерде ақсақ кемпір балалардың екеуін де құлама жардың ба­сына қатар тұрғызды да, суға итеріп жіберудің алдында былай деді:

– Уа, құдіретті Енесай! Егер сенің тұңғиығыңа тау құлатса, бармақтай тас болып кете береді. Саған жүз жасаған алып қарагай тастаса, оны сен жаңқа құрлы көрмейсің. Енді, міне, адуын агыс, айдаһар иірім мешкей тұңғиығыңа адам заттың бүлдіршіндей екі перзентін ертіп келіп түрмын. Бүл екеуіне кең-байтақ жер үстінде оймақтай орын табылмай тұр. Өзің білесің, оны саған несін айтайын, Енесай. Егер аспандағы жұлдыздар адам- ға айналса, олар зеңгір көкке сыймас еді. Егер судағы ба­лык адамға айналса, шалқыған мұхит, шалқар теңіз- дерден орын таппай өзара қырылысар еді. Олардың са­ган несін айтайын, бәрін менен жақсы білесің, Енесай! Мына екі сәбиді құшағыңа тапсырдым. Бұлар мынау опасыз қатыгез дүниемен, өзгеден қиянат көрмеген, өздері ешкімге қиянат жасамаған айла-сұмдықтан бейка- бар, жандары таза, арлары адал ақ періште кездерінде- ақ қоштассын. Басқа пенде көрген қасіретті бүлар көрмесін, басқа пенде жасаған күнаға бұлар батпасын. Өзің ал, өз бауырыңа тарт, киелі, Енесай!..

Бала мен қыз зар еңіреп тұр. Кемпірдің сөзінде бұлардың несі бар, жар басынан төмен қарауға адамның жүрегі ұшады. Анау төмендегі көбігін көкке атып қайнап жатқан ағынға көзің түссе зәреңді алады.

– Айналайын қарғаларым, бір-біріңді құшақтап, қош- тасыңдар! – деді ақсақ кемпір. Сөйтіп өзі жеңін түріп, балаларды жардан итеруге ыңғайлана берді. Содан кейін: – Бірақ обалдарың маған емес! Тағдырдың жазуы солай шығар, мен қайбір жетіскеннен сендерді ажалға айдағалы тұр дейсіңдер, замананы осынша тар қылған кақ тәңірге обалдарың. Амалым жоқ. Мүмкін сендер үшін бұл да сауап шығар.

Осы сөзді айтуы-ақ мүң екен, жап-жақын жерден бір дауыс шықты.

– Сабыр ет, сабыр ет шамалы, кемеңгер әйел! Бейкү- нә сәбилерді құрдымға құлата көрме!

Ақсақ кемпір жалт қарады, өз көзіне өзі сенбейді, қарсы алдында маралдың анасы, бұғы тұр екен. Тоста- ғандай көзімен телміре қарайды. Көзінде бір мүң, қайғы бар сияқты. Бұғы аппақ, тұңғыш лақтаған тұмса екені айқын, бауырының қоңыр түктері жаңа туған ботаның жүніндей үлпілдеп тұр. Шаңырақтай мүйізі қандай та- маша! Күз ағашының бұтақтарындай сидам сұлу айқыш- үйқыш. Желіні балалы әйелдің емшегіндей тырсиып, теуіп тұр.

– Сен кімсің? Адамның тілімен сөйлеп тұрған қандай хайуанатсың? – деді ақсақ кемпір.

– Мен анамын, Бұғы анамын, – деді ол. – Мен бұлай сөйлемесем бәрібір сен менің не қалайтынымды түсінбес едің, айтқаныма құлақ аспас едің…

– Ендепіе не қолқаң бар, айта ғой, Бұғы ана?

– Мейірімді ақылгөй өйел, мына балаларды босат! Бар өтінішім – осыларды маған ертіп жібер.

– Бұлардың саған керегі не?

– Адамдар менің екі лағымды өлтіріп кетті. Енді мен бауырымды жылытар бала іздеп жүрмін.

– Осыларды асырамақшымысың?

– Сөйтемін. Ана емеспін бе, қайырым ет маған, ақыл- ды әйел!

– Сен бұны айтардан бүрын ойландың ба, аңқау жану- арым-ау, – деді ақсақ кемпір күліп. – Ойбай-ау, бұлар да адамның баласы ғой? Ертең ер жеткен соң тағы да сенің лақтарыңды қырып күн көрсетпейді ғой.

– Бұлар буыны бекіп, бұғанасы қатқанда, менің бала- ларыма тимейді, – деді Бұғы ана. – Өйткені мен бұлар- дың анасы болам, бауырымда өседі. Бір емшектен сүт ем- ген төлдер еш уақытта бір-біріне қиянат жасамайды.

– Әй, жарықтық жануарым-ай, сен адам деген мақұл- қаттың мінезін білмейсің ғой, – деді басын шайқап кемпір. – Сен сияқты орманда жүрген хайуанат деймісін. Бұлардың бір-біріне мейірімі жоқ. Екі аякты- ның қандай екенін білсін деп мен осы жетімдерді саған ертіп жіберер едім, ертең адамдар көрсе бұл екеуін та- банда атып өлтіреді ғой? Қайғыңның үстіне қайғы жа- мап керегі не? Осы айтқаным келмесе қара да тұр.

– Мен бұларды ешкім көрмейтін аяқ жетпес алыс өлкеге алып кетемін. Рахым ете гөр сәбилерге! Жібере ғой! Мен бұлардың нағыз мейірбан анасы боламын. Көрдің бе, емшегім сыздап шыдатпай барады. Менің сүтім бала аңсайды. Сәби керек соратын. Маган да мейірімің түссін, ақылгөй әйел!

– Олай болса мен саған не дейін, – деді ақсақ кемпір сәл ойланып. Ал, ал да жөнел! Алды-артыңа қарама! Жетімдерді көз көрмес, құлақ естімес қиянға алып кет. ¥зақ жолға шыдай алмай бұлар зорығып өліп кетсе, бол- маса қарақшыға ұшырап қаза болса, не ертең ер жеткен соң, адамдықтарына бағып, ақ сүт беріп асыраған сені өзегіңе теуіп кетсе – маған өкпелеме, өз обалың өзіне.

Бұғы ана Ақсақ кемпірге рахмет айтты. Ал бала мен кызға былай депті:

– Енді мен сендерге анамын, сендер менің балала- рымсың. Мен сендерді етегі орман-қарлы шыңдардың қақ ортасында қайнап жатқан Ыстықкөл дейтін теңіз бар, соған апарамын.

Бала мен қыздың қуаныштары қойнына сыймай, шаңы- рақ мүйіз Бұғы ананың соңынан жүгіре жөнелді. Жүре- жүре шаршады, шалдықты, бір өлкеден екінші өлкеге жету оңай ма, сапар ұзақ. Егер түнде жатқанда, Бұғы ана бауырына басып жылытпаса, ертелі-кеш сүтін беріп асырамаса, бұлардың күні не болар еді? Сонымен өлі жүріп келеді, әлі жүріп келеді… Бұлар ұзаған сайын бұрынғы мекендері Енесай алыстап қала берді. Беттеген жаңа мекендері Ыстықкөл әлі ұзақта жатыр. Жаз бенен қыс өтті, көктем мен жаз өтті. Тағы күз, тағы да жаз, тағы да қыс, тағы көктем, тағы да жаз, енді күз туғанда барып бүлар қалың жыныс орманға кірді. Талай шөлдер- ден, талай құмдардан, талай таулардан, талай адуын өзендерден өтті. Неше түрлі қасқырдың үйірі бұларға ұмтылғанда, мүйізді Бұғы ана екеуін арқасына салып алып, жыртқыш аңдардан кұтқарды. Атқа мінген аңшы- лар садақтарын кезеп: “Бүғы ана адамның балаларын алып қашып барады, үстаңдар, жібермеңдер!” – деп іздеріне түсіп талай оқ атты. Бәрінен де кұтқарған, бәрінен де аман сақтаған Бүғы ананың өзі болды. Қаша жөнелгенде, Бұғы ана бәрінен жүйрік, арқасындағы ба- лаларына: “Мықтап үстаңдар, қүлап қалмаңдар, қуғын- шы қалмай келе жатыр!” – деп ақыл айтумен болады.

– Ең ақырында Бұғы ана өзінің балаларын Ыстық- көлдің жағасына алып келді. Бұлар таудың басында тұрып, аң-таң қалды. Айнала қарлы шың, жасыл орман- ның қақ ортасында шексіз-шетсіз шалқыған теңіз жа­тыр. Көк жалқынның бетінде ақ көбік атқан толқын, са- мал жел, оларды екшеп, әлдебір алыс дүниеге алып бара жатқандай. Ыстықкөлдің, қайдан басталып, қайдан аяқталарына көз жетпейді. Бір жағынан күн шықса, екінші жағына батып барады. Ыстықкөл төңірегіндегі тау- ларда да қисап жоқ. Таудан соң тау бірін-бірі бүркеп жатқан, тылсым жұмбақ.

– Міне, сендердің жаңа мекендерің, осы болады, – деді Мүйізді Бүғы ана. – Осы жерде тірлік етесіңдер! Жер жыртып, егін саласыңдар. Балық аулап, мал өсіресіңдер. Мыңдаған жылдар баянды өмірлерің осында өтеді. Үрім-бүтақтарың өніп-өсіп, үбірлі-шүбірлі болың- дар. Алыс өлкеден алып келген ана тілдеріңді ұмытып

қалмаңдар. Өз тіліңде айтқан сөзге сөз жетпейді, өз тіліңде салған әнге өн жетпейді. Адам аттарыңа лайық рахат өмір сүріңдер! Мен болсам өрдайым сендермен бірге, мәңгі-бақи сендердің ұрпақтарыңмен бірге бола- мын…

Сонымен жаңағы бала мен қыз бүкіл қырғыз әуле- тінен қалған екеуі ғана осы бір мәңгі берекелі, жаңа өлкеге ие болған екен.

Уақыт зырлап өте береді. Бала өсіп, азамат болды. Қыз да бой жетті. Содан кейін екеуі қосылып, бірі байы, бірі әйелі болды. Ал мүйізді Бұғы ана болса, ол да Ыстықкөл- ден ұзамай, осы қалың орманның ішінде қала берді.

Бір күні елең-алаңда тыныш жатқан Ыстықкөл аспан- ға ақ көбік атып, шайқалып қоя берді. Сөйтсе жас өйелді толғақ қысқан екен. Жігіт қорқып кетеді. Сасқанынан жартастың басына жүгіріп шығып:

– Уа, қайда жүрсің, Мүйізді Бүғы ана! Естимісің мына Ыстықкөлдің шайқала ыңыранып кеткенін? Қызың босанайын деп толғатып жатыр, тезірек келе гөр! Уа, аяулы анамыз, келіп қол ұшыңды бер, – деп айқай салды.

Осы кезде алыста естілген керуеннің сарынындай сылдыраған қоңыраудың үні еміс-еміс естілді. Қоңырау үні жақындай берді. Сөйтсе асығып келе жатқан Бұғы ана екен. Бесікті мүйізіне іліп алыпты. Бесік ақ қайың- нан жасалған екен, бөгендігіне қоңырау таққан. Осы күнге дейін Ыстықкөл жағасында тұратын қырғыздар- дың бесігіне қоңырау тағу салты содан қалыпты. Шешесі бесікті тербеткенде оның күміс сылдыры алыстан Мүйізді Бұғы ана келе жатқандай ғажайып үн шалады…

Бұғы ана келуі-ақ мұң екен, әйел босанады.

– Мына бесікте сендердің тұңгыштарың жатады, – деді Бұғы ана, – шүкір, балаларың әлі көп болады, жеті ұл, жеті қыз өрбиді сендерден.

Ата-ананың қуанышында шек жоқ. Өздерінің тұңғыш перзенттерінің атын Бұғы ананың қүрметіне Бұғыбай деп қояды. Бұғыбай өскеннен кейін Қыпшақ елінің бір сүлу қызын алады. Ол екеуінен Бүғы атанған бір тайпа ел өрбиді. Бұғының жігіттері шеттерінен алпамсадай ірі, қайратты келеді. Олар Бұғы ананы әулие тұтып, өруағы- на сыйынады. Бұғылықтар ең ар жағы киіз үйінің маң- дайшасына да маралдың мүйізін өрнектеп салады. Алыс- тан көзге шалынатын осы өрнек бұл үйдің Бұғы өулетіне жататынын бірден танытады. Бұғы әулетінің жауға шап- қанда, бәйгі балуанға түскенде айтатын ұраны да – “Бұғы” болды. Соны атаса-ақ, бұлар жеңіп шыға келеді. Ыстықкөл маңындағы қалың орман ай мүйізді ақ маралға толады. Оларға аспандағы ай мен жұлдыздың өздері де қызығыпты деседі. Бұлардың бәрі де сол баяғы Мүйізді Бұғы анадан тараған төлдер еді. Оларға ешкім тимейді, бетінен ешкім қақпайды, Бұғы әулетінің адамы атынан түсіп, алдымен соған жол береді екен. Өзінің айтулы ару қыздарының атын “Ақмарал” деп қоятын болды…

Осы бір дәстүрді Бұғы әулетінің үлкен бір ақсақалы дүние салғанға дейін ешкім бұзбапты. Бұл өзі өмірінде мыңғырған қой, мыңдаған жылқы өсіріп, даңқы шар та- рапқа тараған, атакты бай еді. Айналасындағы тірі жан- ның бәрі осының есепсіз малын бағатын. Енді балалары өлген әкесіне ас береді. Осы бір айтулы асқа дүние жүзіндегі атақтылардың бөрін шақырады. Ыстыккөлдің жағасына бір мың бір жүз үй тігіпті. Сойылған мал, саба-саба ішілген қымызда есеп болмайды. Ең ар жағы Қашқардың неше түрлі тәтті тағамдары да осы астың дас- тарқанында болады. Байдың мақтаншақ балалары “жұрт көрсін, артында қалған ұрпақтың жомарттығын байқасын, өлген атаны қалай сыйлау керек, абыройын қалай сақтау керек, соның барлығын білсін” деп тыраш- танып жатты… (“Ей, балам-ай, артык байлық астамшы- лыққа, астамшылык ақымақтықка ұрындырады”).

Дүние салған байдың балалары кигізген құндыз ішік, камшат бөрік, солар мінгізген атқа мәз болған жандай- шап жыршылар бұларды айнала мақтап, жер-көкке сый- ғызбай, жар салды.

– Жарық күннің астында мұндай ас берген, аруақ сыйлаған кім бар? – деді бірі.

– Мына дүние жаралғалы құлақ естімеген, көз көрмеген байлық екен, – деді екіншісі.

– Тек қана біздің елде ата-ананы, абырой-атақты, әкенің аруағын осылай құрметтейді, – деді үшіншісі.

– Ей, есерсоқ, жандайшаптар, неге соншама шулай- сыңдар? Бұл байлықты, бұл астың даңқын, жомарттық- тың жолын бүкіл әлемге паш етіп жеткізуге тіл жетпейді, – деп лепірді төртінші.

Күні-түні осылай мақтау-мадақтаудың өзара шайқа- сы өтіп жатты. (“Ей, балам, жыршылар сөз қуып, бірімен-бірі жарыса бастаса, жырдың да, сөздің де құны қашады. Ақырында олар жыршыдан жырдың жауына ай- налады”).

Осы бір астың думаны бірнеше күнге үзілген жоқ. Мақтау сөздерге әбден есірген бай балалары дүние жүзінде болмаған, құлақ естіп, көз көрмеген, ел айта жүретін есте қалар бір қимыл жасауға бет алды. Сон- дағы тапкандары әкелерінің басына маралдың мүйізін қою болды. Өйткені маралдың мүйізі осы қабірде жат- кан атақты бабасының Мүйізді Бүғы ананың ұрпағынан екендігін анықтайтын еді. (“Ей, балам, бүрынғылар бай- лық адамның көкірегінде мен-мендік туғызады, менмендік есерсоқтыққа апарады деген екен”).

Дүние салған байдың балаларына ақыл айтып, ток- татуға ешкімнің шамасы келмеді. Өйткені бұлар атасы- нын даңқын да, өзінің атағын да осылай шығармақшы бол­ды. Айтты – бітті, кесті – үзілді дегенін жасады. Орманға мергендер жіберіп, марал аттырды, олардың мүйізін кестірді. Мүйіз болғанда қандай! Дауылпаздың қарлы шыңдарға серпілген қанатындай шаңырақ мүйіздер. Байдың есерсок балалары мәз. Әр мүйізде он сегіз тар- мақ бар. Демек, марал он сегізде деген сөз. Сонымен бейіттің басына, ұсталарға пөрмен етіп, маралдың мүйізін қойғызды.

Жөн-жоба білетін ақсақалдар:

– Маралды өлтірді деген не сұмдық?! Бұғы ананың ұрпағына қол көтеруге кімнін дәті барады? – деп реніш білдірді.

Байдың балалары оларға:

– Атсақ өз жеріміздің маралын аттық. Осы аймақ- тағы бауырымен жылжыған, аяғымен жүргенді былай қойғанда, қанаттыдан шыбыннан бастап төрт аяқты түйе- ге дейін өзіміздің меншігімізде. Олай болса, не істесек те еркіміз бар, Сандалмай тайып тұрыңдар! – десті.

Есірген шабармандар өлгі ақсақалдарды аттарына теріс мінгізіп, дүре соғып, қалың қауымға масқара қылып айдап шықты.

Бар беле содан басталды. Сол-ақ екен, Мүйізді Бұғы ананың кейінгі үрпағына ауыр нәубет түсті. Осы кезден бастап жұрт күн сайын орман кезіп, ақ марал аулауға шықты. Бұғы өулетінен тараған өрбір адам өзінің ата- анасының басына марал мүйізінен белгі қоятынды шы- ғарды. Мұның өзі аруаққа деген үлкен сый-құрметтің дәстүріне айналды. Ата-анасының бейітіне маралдың мүйізін қоймаған туыс, адам қатарына алынбады. Бүдан былай маралдың мүйізімен сауда жасайтындар да шы- ғып, оны бағалы мүлік есебінде жинайтындар да пайда болды. Тек қана маралдың мүйізін сатуды кәсіп еткен сол Бұғы әулетінің өзінен талай сұмпайылар шықты. Ақшаға сатып байығандары да аз емес. (Ей, балам, “ақша жүрген жерде әділетке, адалдыққа орын жоқ” – деп бұрынғылар бекер айтпаған.)

Ыстықкөл ормандарын еркін жайлаған маралдар- дың басына қара күн осылай туды. Енді марал жарық- тықтар адамның аяғы жетпес жабайы шың жартастар- дың арасына кетті. Әбден құнығып алған кұтырған жұрт қойсын ба, оның да есебін тапты. Неше түрлі төбеттерді, жүйрік тазыларды соңына салып тасада тұрған мергендердің алдына қайырып әкеліп, баудай түсіріп жатты. Бұрынғы бүрынғы ма, марал дегенді үйір-үйірімен қыратын болды. Кейін кім неше тармақты мүйізге ие болды, кімнен кім асып түсті деген бәсеке де пайда бола бастады.

Марал атаулыдан тігерге тұяқ қалмады. Тау жетім- сіреді. Бұрынғы қалың өңір, қатпар таулар қаңырап бос қалды. Орманның ішінде де, жайылымда да көзге ша- лынбайды. Кезінде мүйізін аркасына салып алып, зыр қаққан маралдардың көлеңкесі де қалмады. Тастан-тасқа секіріп, шатқал, тоғайлардың ішінде асыр салған ақ ма- ралдардан енді белгі жоқ. Сөйтіп жүргенде бұл өңірді өмірі тірі марал көрмегендер жайлады. Олар марал жайлы тек қана ертегіден біліп, марал мүйізін тек қабір басында ғана көретін болды.

Сонымен Бұғы ананың өз тағдыры не болды дейсің ғой.

Ол адам баласына соншалықты қабағат ренжиді. Өзінің үрпағы атқан оқтан, кутан тазыдан күн көре ал- май құри бастаған соң, Бұғы ана азғана төлін ертіп, шыңның кұзар басына шығып, Ыстықкөлмен ақырғы рет қоштасты да, көз көрмес, қүлақ естімес алыс өлкеге ауып кетіпті.

Міне, байқадың ба, мына жердің бетінде қандай-қан- дай сұмдықтар болған деседі. Ертегінің ұзын-ырғағы осы. Сен мейлің, сенбе мейлің, ерік өзіңде.

Бұғы ана кетерінде мүндай қайырымсыз жандар жай- лаған өлкеге енді қайтып оралмаспын депті…

5

Тау алқабына күз түскен. Жаздың думанды күнде- рінен кейін жұрт күздің бұйығы тірлігіне бейімделе бас- таган. Айдаған малдың шаңы басылып, жайлаудағы елдің лаулаған оттары да сөнген. Қыстауға беттеген малмен бірге ел кеткен. Меңіреу тау жым-жырт.

Анда-санда тау басында жеке қалқыған бүркіттің са- марқау үні шалынады. Жаз бойы шулап аққан өзеннің де сарыны баяулапты. Арнасы азайып, суы саяздап, екі жағаға қайыр пайда бола бастаған. Өсімдіктер де бой көтермей, тамыры тартылған. Бұтақтардағы жапырақтар жаз бойы тұрып шаршағандай сыңай танытып, кей жер- де түсе бастаған.

Ең биік деген шыңдардың басына түн сайын қар жа- уып, азанда күміспен күптегендей көрінеді. Кеше ғана кара бурыл тартып жатқан жоталардың үстіне түнде қар түскенде, ертеңгілік карасаңыз, орман түлкісінің жота- сындай жалтырай күміс қылаулар шашады.

Жаяу жел де шаршап сай-салаға сіңіп кеткен, бірак өлі де болса күн шуақты, құрғақшылық.

Өзеннің аргы бетіндегі, қорықтың қарсы алаңындағы орман күздін реңіне ерте енген. Өзеннің жағалауынан бастап, сонау қалың қара орман етегіне дейінгі селдір ағаштар түтінсіз өртенгендей қара бурыл тартқан. Биікке беттей жанталаса, тырмыса өскен тал мен қайың- дардың кей жері жасыл сары, кей жері ал қызыл бояулар- ға енген. Олар сонау қарлы шыңның қапталында түнер- ген қарағаймен шырша патшалығының шалғайына жар- масып жатыр. Сонау ну орман іші мешіттегідей өрдайым мұнтаздай таза. Тек қана көкке таласа өскен шымыр шырша қолқа атқан шайырдың шынайы иісі, етекте төгіліп жатқан қоңыр тікенектерден басқа дөнеңе жоқ. Онда кәрі қарағайлардың басынан сипағандай үнсіз жел ғана аралайды.

Бірақ бүгін таң атпай жау тигендей, үзақ қарғалар шуласып, орманды басына көтеріп жүр. Қарғаның қалың тобының үздіксіз жан даусынан орман үсті азан-қазан. Ағаш шапқан балтаның дыбысынан шошына көтерілген қарғалар тал түсте өздерін біреу тонап жатқандай зар қаға, кесіп алған нән қарағайды таудан темен түсіріп келе жатқан екі адамның ізінен қалар емес.

Бөрененің бір басын атқа жегіп алған. Оразқұл атты жетектеп алда келеді. Шат бұтаға шалғайымен сүрініп- қабына, жер айдаған өгіздей ентігіп, зорға келеді. Бөрененің арғы басында жанталасқан Момын. Мынадай биіктен ағаш түсіру оңай емес, демі жетпей титықтап келеді. Қолындағы қайың сойылмен бөренені әрі-бері ырғап итереді, ол айдаудағы мал емес, кейде түбірге тіреліп, кейде тасқа тіреліп, машақатқа салады. Әсіресе ылдиға домалай жөнелгенде, құдай сақтасын қағып кетсе шаруаң бітті – ана дүниеден бірақ шығасың.

Мұндайда бөренені демеп келе жаткан адамға қауіпті. Оразқұл болса алда, бөрене домалай бастаған- нан-ақ аттың шылбырын тастап тайып шыға келеді. Ал шал болса барлык кауіп-қатердің астында. Оразқүл ат- тың басына қайта оралғанша, өлімін артып тырмысып үстап тұрғаны. Мұны көрген сайын Оразқұл ұялғаннан жерге кіріп кете жаздайды. Өйтіп ұялғаны да құрысын. Өзіңнің масқара болғаныңды бүркеу үшін, біреуге жала жап демей ме, соның кері.

– Йемене, сен, мені ажалымнан бұрын өлтіргің келіп жүр ме? – деді айкайлап атасына.

Оразқұлдың бұл сөзін естіп, “ақсақалды кісіге жекі- ре ме екен” деп, оған кіна артатын айналада тірі жан жоқ. Шырағым, өзім де жетісіп келе жатқан жоқпын, несіне айқайлайсың, өдейі істейді дейсің бе деп міңгірлеген болды шал.

Шалдың бұл сөзі Оразқұлдың одан сайын арқасын қоздырды.

– Ә, солай ма екен? – деді ол екіленіп. – Сені қағып кетсе онда не түр, асарыңды асадың, жасарыңды жаса- дын, сол да жетпей ме? Ал мен өліп кетсем, сенің анау бедеу қызыңды кім алады? Сайтанның сапалағындай бо- лып отырған ол қаншық кімге керек?

– Ай, балам-ай, қатыгезсің-ау! Адамға деген бір мысқал мейірімің болсайшы, – деді Момын шал бар бол- ғаны.

Мұны естігенде Оразқүл мелшиіп орнынан қозғалмай тұрып, шалдың бас-аяғына бір қарап алды.

– Сен сияқты шалдар әлдеқашаннан ошақтың басында отқа арқасын қыздырып жатыр, одан басқа колдарынан келер түгі жоқ. Ал сенің болса жалақың жүріп жатады. Сол ақша қайдан – аспаннан түсе ме? Жоқ, біле білсең, бәрі менің арқам. Одан артык саған қандай мейірім керек?

– Жарайды, шырағым, әшейін айта салған сөз ғой менікі.

Бұлар ссылай келе жатты. Әудем жер жүргеннен кейін, тағы бір ылди қабақка келіп дем алды. Аттың да ақ көбігі шығып, ентігін баса алмай тұр.

Үзақ, қарғалардың у-шуы баяғы күйі, басылар емес. Қаптаған қарғалардан аспан көрінбейді. Бүгінгі барлық кәсіптері кешке дейін орманды басына көтеруге арнал- ғандай ызғып тынар емес.

– Қыстың ерте түсуін сезіп жүр-ау осылар, – деді Момын шал, сөздің бетін басқаға бүрып, Оразқұлдың ашуын басайын деген ниетпен. – Бәрі жиналып жатқаны басқа жаққа аууға бет алған ғой. Бұлар да тиыштық іздейді. Тынышын алғанды ұнатпайды, – деді шал есуас қарғалардың атынан кешірім сүрағандай.

– Бұлардың тынышын кім алыпты? – деді жалт қарап Оразқұл. Біреу буындырғандай өзінен өзі қызарып кетті. – Алжи бастағансың-ау, сен шал, – деді. Үні баяу шық- канмен шалға деген зіл бар.

“Көрдің бе, мынаның сөзінің төркінін, – деді ол ішінен. – Немене, мен мұның қарғаларының қамын ой- лап, карағайға қол тигізбей, бір бұтағын да қозғамай отырайын ба? О не деген-ау. Құдайға шүкір, өзірше осы орманның құдайы да, қожасы да өзім”. Шулаған қарға- ларға өшіге бір қарап: “Әттең, әкелеріңді танытатын пу­лемет болар ма еді”, – деді де, бір былапыт сөздер ай- тып, бұрылып кетті.

Момын үндеген жоқ. Күйеу баласының боқтық сөздеріне әлдеқашан құлағы үйренген. “Тағы жыны үстай бастады, – деді ішінен шал мұңайып. – Ішіп алса жынданады, мастығы тарқады-ау деген кезінде де сөзге қонақ бермейді. Адам баласы неге бұлай жаралды екен, ә? Сен бұған жақсылық істесең, мұның жамандығы әзір. Үялу, ойлану дейтін мұнда жоқ. Адамда имену деген болмай ма екен. Өмір бойы осынікі ғана жөн сияқты. Өз басының бабы табылса болды. Айналасындағының бәрі күрдай жорғалап, құл болып жүру керек. Айтқаны бол- маса тағы басың бәлеге қалады. Мұндайлардың осындай тау арысында төрт-бес адамға ғана бастық болып жүргеніне шүкірлік. Ал бұдан үлкен билікке қолы жетсе ше? Құдайым сақтасын… Нағыз ем қонбайтындардың өзі. Өзі дегенде өңешіңді суырып алуға даяр. Мұндай- дың қол астына бір түссең құтылу да қиын, сені жерге сіңіп кетсең де тауып алады. Өзінің керегін, дегенін істеу үшін сенің жаныңды жаппарға тапсыруға даяр. Сонда да өзі жөн болып кала береді. Жоқ, мұндайларға дауа жоқ…”

– Жетер, біраз тұрдық. Кеттік, – деді бұйыра, шал- дың ойын бөліп Оразқұл.

Бұлар тағы жылжыды.

Бүгін таң атқалы Оразқұлдың көңіл күйі онша емес. Ертеңгілік балта, араны алып, арғы бетке жинала бер- генде, Момын шал баласын мектепке апарамын деп асы- ғып жатты. Бұл шалдай алжыған кақбас дүниеде жоқ. Құдайдың құтты күні таң атпай баланы мектепке апа- рып, кешкілік алып қайтам деп шаба жөнеледі. Осы бір айдалада қалған жетімекті әлпештеуден қолы тимейді. Мектепке кешігіп барса, дүние қараң қала ма екен? Ал мынаны темен түсіріп, кашан көзін жойғанша, қаншама машақаты бар екенімен ісі болмағаны ғой сонда. “Мен, – дейді, – көзді ашып-жұмғанша апарып тастаймын да ке- лем, бала оқудан кешігіп қалса мұғалім өйелден ұят қой”. Ұялатын адам да тапқан екен. Мүндай ақымақ ми- рула болар ма? Соншалықты бет моншағы түсетін мүғалім әйелінің түрі қандай десеңші? Бес жыл бойы бір пальто иығынан түспеген сорлының өзі, кай кезде бол- масын сумка мен дәптерден баска қолында дәнеңе көрмейсің. Жолдың бойында көрінген машинаға қол көтеріп, “дауыс” беріп тұрғаны. Әліне қарамай ауданға барғышын қайтерсін. Сонда сұрайтыны мектепке көмір керек, терезеге әйнек керек, кағаз керек, калам керек, шүберек керек, шоқпыт керек, – деп көрінгенге тіленіп жүргені. Дені сау мұғалім осындай мектепке келе ме? Өзінің аты қызык. Бұл мектепті ергежейлі мектеп дейді. Тауып қойған атын. Әрине ергежейлі мектептің мұғалімінен оқыған адам не оңады? Нағыз мұғалім кала- да. Мектеп дегенің шетінен шыныдан салынған, сырты- нан қарағанда көзің тояды. Мұғалімдері бәрі де галстук тағып жүреді. Қаланың аты кала ғой, шіркін! Көшеде машина ішінде шіреніп бара жаткан бастықтарды көресің, машина дегеніңнің неше түрі. Күнмен шағылыс- қан мойылдай кара машиналар көшеде жүзіп келе жат- қанда, бар әлемді ұмытып қарап қана тұрғың келеді. Қан- дай ғажап! Ал қаланың адамдары, түк көрмегенсіп әлгі машиналарға мән бермейді. Жан-жаққа қарауға мұрша жоқ, өрқайсысы өз шаруасымен асығыс кетіп бара жата- ды. Шіркін, өмір десен, өмір бәрі қалада ғой. Есебін та­уып, тайып беріп, сол жақта бір тұяқ ілер ме еді! Ол жерде адамды қызметіңе карай сыйлауды да біледі. Дәрежең бар ма, бітті – сені сыйлауға міндетті. Мәртебең биік бол- ған сайын соған сай сый-құрмет. Қанша дегенмен мәдениетті адамдар ғой. Бір жерге қонаққа барсаң да, өлдебіреуден сыйлық алсаң да, оған сен мына сияқты бөрене тасып немесе қалай өтеймін деп машақатқа түспейсің. Олардың алқымы да кең, алары да мол. Ал мұнда бір елу сом, мықтағанда жүз сом аласың да, жөне өзің кесіп, өзің дайындап, арам тер боласың. Мұны алып кеткесін тыныш жүрсе екен-ау бұлар, Оразқұл пара алды. Оразқұл ағаш сатты деп үстіңнен бұрқыратып жа- затындары және бар-ау… Ай, қараңғылық-ай!

Қанша дегенмен, шаһарлы жерге не жетсін! Егер кішкентай ғана мүмкіншілігім болса, тауын да, тасын да, орманын да, олжасын да – барлығын тастап, қарғыс ат- қан қатынды да, мынау алжыған шалды да, қызғыштай қорғап жүрген жетімек немересін де, бірде-бірін көрмес- тей, алды-артыма қарамай тартар едім. Эх, дүние-ай, сонда сұлыға байлаған тұлпардай түлеп, ұршығымнан айналып шыға келер едім. Жұрттың барлығын есігімнің алдына тізіп қойып “Оразқұл Балжанович, сіздін кабинетіңізге кіруге бола ма?” – деуге мәжбүр етер едім. Сонда барып шаһардың өзім қалаған біреуіне үйленбеймін бе. Ондайға үйленбей несі бар? Мәселен, әлгі қолына микрофон ұстап жүріп әрі билеп, әрі өн са- латын құралай көз артисткалардың біреуіне қолым жет- се! Олар қызметі мықты адамдарға тие береді дейді ғой. Көзді сүзілдіріп, галстукты үзілдіріп, қолтықтап кетіп бара жатсам. Кинодан бір-ақ шығамыз. Жырта карыс біз өкше тық-тық еткенде, құлағыңа қобыздың үніндей естіледі. Хош иісті әтір мұрныңды жарады. Жанай өткендердің өзі әтір иісіне тұмсығын төсей өтеді. Сүйтіп жүргенде балалы-шағалы боласың. Үлымды соттың оқуына бёріп, қызымды рояль ойнауға үйретер едім. Шаһар балаларының ақылды болатыны бесенеден белгілі болып тұрады. Үйдің ішінде тек қана орысша сөйлеседі, олар ауылдағы шаруаның тілімен бас қатырып қайтсін. Ол өзінің балаларын: “Папа, анау керек маған, мама, мынаны алып беріңіз!” – дегенге тәрбиелейді. Өз ішіңнен шыққан балалардан неңді аяйсың? Әттең сол кезде бұл талайды тандандырып өзінін кім екенін таны- тар еді. Басқа жұрттан мүның несі кем? Сол жақта шіреніп жүргендердің бұдан не артықшылығы бар? Бәрі де өзі сияқты пенде. Тек сәтіне сай жолы болған адам- дар. Бүған ондай бұйырмады. Бақыт ырзығы деген бүдан теріс айналды, соның бөріне өзі кінөлі. Баяғыда орманшылардың курсын бітірісімен, шаһарда қалып қою керек еді. Одан техникум, ар жағы институт емес пе. Асықты, өкім болғысы келді. Кішкентай қызмет дегеніңмен, өзіңмен-өзің өйтеуір бастықсың ғой. Міне, енді ақыры не болды? Тау кезіп, тоғай аралап, бөрене сүйретіп есек боп жүрсің. Ең ар жағы карғаға дейін қаныңды ішуге даяр. Бұл иттерге не жау тиді сонша қарқылдап? Шіркін, пулемет болар ма еді…

Оразқұлдың бүгін ашуға басуының себебі бар. Жаз бойы жағасы жайлауда қыдырды. Мынау күз келді. Жаз өтісімен күнде қонаққа шақыратын жылқышылар мен қойшылар да ғайып болды. Әлгі өлеңдегі: “Гүлдер сол- ды, жаз өтті, қыстауға беттер күн жетті!” – дегеннің кері келді.

Сол күз бүгін басталды. Енді Оразқұлға жаздай көр- ген сый-құрметі, ішкен арағы, жеген тамағы, серпіп отыр- ғанда берген уәделерін орындайтын шақ келді. “Ей, онда не тұр? Сонда сұрап отырғаның екі бөрене ме? Соны да сөз деп, дайындап қоям, алып кетесің” деген лепірме уөделердің бүгін лағнат камытын киіп келеді.

Арақ ішіп, аузыңа келгенді оттап, ара-арасында бар- мак басты, көз қыспай сыбаға алғаныңа мөз болып едің, енді соның есесіне борша-борша терге түсіп, бүкіл жарық дүниеге зәріңді төгіп, бөрене сүйреп келе жатқаның мы­нау. Өйтіп ішкен-жегені, алган-бергені құрысын. Бәрі мұрнынан шықты. Жалпы көрген өмірінің барлығы қыр- сық түнек. Кенет осының бәріне лағнат айтып басым ауған жакка тартып кетсем қайтер еді?” деген ой келеді. Бірақ қайда бармақ? Бұл кімге керек? Әлгі ойла- ғандай өмір, мәртебе еш жерден бұған табылмайды, бар- лығы бос қиял екенін өзі де түсінді.

Берген уәдеңді орындамай, осы жерден аттап басып көрші, басқаны былай қойғанда, кеше ғана өзімен ауыз жаласқан достары-ақ мұны масқара етеді. Халық деген қазір азған ғой. Бұрнағы жылы өзімен рулас, кәдімгі Бұғы руынан шықкан жолдасына қозы бергені үшін бір бөрене атаған-ды. Күз түскенмен бойкүйездікке салы- нып, тауға шығуға ерінді, өйткені іске асатын айтулы қарағайлардың бөрі биікте. Уөде беру оңай болғанмен, сонау таудың ұшар басындағы құшақ жетпес қарағайды қырқып, төменге жеткізу оңай ма? Дені сау адам алтын берсең де мұндай машақатқа мойын ұсынбайды. Мұның сорына дөл сол кезде Момын шал ауырып, төсек тартып жатып қалар ма. Жалғыз өзінің қолынан келмейді, кім болса да бөренені темен түсіру жалғызіліктіге мүмкін емес. Ондай бәленің боларын алдын ала білгенде, Сейдахметті-ақ ертіп алатын еді. Бірақ бұған да жалқау- лығы ұстап, бергі етектен бетке қараған нашарлау біреуін өкеп бере салды. Анау оған оңайлықпен көне қойсын ба? “Жолдас, байқа, бүл не масқараң, берсең іске асатынын бер, мынауың болмайды”, – деп қыр көрсете бастады. Акыры: “Тоқты алуды білесің, уәдеңде неге тұрмайсың?” – дегенде Оразқұл шыдай алмай, алсаң ал, алмасаң тайып түр, деп қуып шыққан. Ол жігіт те тегін емес екен, есесін жібермепті. Сантастың орманшысы Балжановтың үстінен неше түрлі жаланы төндіріп, жо- ғарыға арыз айдапты. Оның жазуына қарағанда, “Социалистік орманның жауы” Оразқұл сияктыларды та- банда атып жіберу керек. Бұл арыз барысымен ауданнан келген комиссия, орман министрлігінен келген комиссия Оразқұлды біраз жерге сүйреп, тексеріп өбден есін шы- ғарған. Әйтеуір бұл даудан азар алда дегенде аман кал­ган. Міне, туысқан дегеннің түрі осы. Кездесе кетсең: “Бәріміз де Мүйізді Бүғы анадан тарағанбыз, біріміз үшін бәріміз, бәріміз үшін біріміз,” – деп бөсетіндері бар-ау бүлардың. Қарап отырсаң, бәрі бос былшыл. Өйткен Бұғы анаңды сайтан алсын. Көк тиын үшін бір- бірінің көзін шұқып, алқымнан алып түрмеге отырғызуға даяр. Өйткен руластығыңды жер жұтсын. Баяғы надан- дықтың кезіндегі адамдар Бұғы ана дегенге сеніп мәз болған. Япырай, сол заманның кісілері қаншама қараңғы, аңқау, ақымақ болған десеңізші. Қарап отыр- саң күлкің келеді. Ал қазіргі адамдардың бәрі шүкір, мәдениетті, көзі ашық сауатты, сәбилерге ермек болатын ертегі қазір кімге керек.

Осы хикаядан кейін Оразқұл танысы болсын, руласы болсын, тіпті екі туып бір қалғаны болсын. Мүйізді Бұғы ананың бауырынан кеше шыктым десе де, тірі жанға осы орманнан бұр тал шыбық, сынық бұтақ бермеске ант еткен.

Міне, желегін жамылып, жайсаң жаз тағы келді. Жа- сыл жайлауда жұмыртқадай ақ үйлер бой корсете бас- тады. Ызғыған малдың у-шуы, ошақтардан шудалана көтерілген түтін, шулаған өзен. Күлімдеген күн, иісінің өзі мае қылатын жас қымыз, қаптаған гүл-бәйшешек, көдімгі жаз салтанаты, мұндайда киіз үйдің көлеңке- сінде көз-көрген дос-жарандармен, бал татыған қымыз бен жас қозының етіне басып отырғанға не жетсін. Сол бір кәйіп үстінде басыңды шыр айналдыру үшін айғыр стақанмен бір тартып жібересің. Осы сәтте өзіңе қырық жылдық қарағайды түп тамырымен суырып, ана түрған тауды тақиядай дөңгелететін күш пайда болғаны бар ғой… Мұндай күндері Оразқұлдың анты адыра қалады. Жұрттың бәрі қошеметтеп осы орманның жалғыз құдайы сен дегенге мөз. Тағы да баяғы үйренген уәде, азды- көпті алақанға түскендерді қағу. Жылдар бойы буыны бекіп, бұғанасы қатқан өзін орманның патшасындай са- найтын заңғар емен, санаулы күнінің қалғанын қайдан білсін, күз түскенде көресісін бір-ақ көреді.

Күз дегенің бір күңде түспейді, мысык табандап әуелі жайылымнан бастап жоғары өрмелейді. Міне, қазір айнала сарғая бастаған шөптер де, ағаш жапырақтары да бір рең алған.

Жидек-мәуелер піскен, кешегі қозылар марқайып тоқтыға айналған. Енді еркек-үрғашысын айырып, отар- ларға бөлді. Әйелдер жаз бойы жайған құрт, ірімшіктерін жинап буынып-түйініп жатты. Малшылар- дың бас көтерерлері қыстауға барар көшті кім бастайты- нын кеңесіп алды. Көшердің алдында Оразқүлмен жазда уәде байласқаңдары пәлен күні, пәлен сағатта машина- мен қорымға келеміз. Сонда бәрі дайын болсын десіп ал- дын ала ескертті.

Міне, бүгін көз байлана екі үлкен шырша бөрене алып кету үшін жетекті машина келеді. Оның біреуін төменде өзеннен өткізіп, машинаның келетін жеріне тақап алдын- ала дайындап қойған. Екіншісін осы казір сүйреп келе жатыр. Оразқұл, мына машақат қорлықты көргенше осы бөренелер үшін жаз бойы мұртын майлаған марқаның етімен ішкен арақ-шарабын қазір қас қаққанша қайтаруға даяр, әттең, ондай дөулетті бұған кім берсін.

Амал жок, осы тауға таңылған қарғыс атқан тірлік- тағдыр, лағнат қамыт мойын бұлтартпайды: бұларды түн жамылып алып кету үшін кешке машина келеді.

У-шусыз, аман-сау кетсе кұба-құп. Жолдың өзі сов- хоздың үстімен, дөл кеңсенің алдымен өтеді. Бұрыс жолы құрғыр да жоқ. Кейде совхозға госинспекцияның милициялары келіп жүретіні бар. Аудан басшыларынан да ел кезіп жүретіні аз ба, тек солардың көзіне түсуден сақтасын. Бұларды көрсе шап беріп ұстап, “қайдан әке- ле жатырсың?” – деуінде сөз жоқ.

Осы ой оралғанда, Оразкұлдың тұла бойы түршігіп, денесі мұздап қоя берді. Айналадағының бәріне – мына миды шағып шулап жүрген қарғаларға, дөрменсіз бейбак Момын шалға, бұдан үш күн бұрын шаһарға картобын са­тура кеткен миғұла, жалкау Сейдахметтің қылығына ыза болып зығырданы қайнады. Тау басынан бөрене түсіру керек екенін Сейдахмет ит білді ғой. Есебін тауып тайып берген жоқ па. Ол базардағы өзінің шаруасын бітірмей оралмайтыны белгілі. Егер ол болғанда бөренеге шалмен екеуін жіберіп, өзі мына қорлықтан аулақ, үйінде шырт түкіріп жатпас па еді.

Енді Сейдахмет көз алдында жоқ, шетінен мойнын бұрап қырып салар еді, мына қарғаларға да қол жетпейді. Тым болмаса әйелін қамшының астына алып, ашуын тарқатар еді, үйге жетуге де әлі біраз жер бар. Бар көзіне ілінетіні Момын шал. Мына орманның қапас тымырсық ауасынан демі тарылып, аттап баскан сайын аузынан ақ ит кіріп, қара ит шыққан. Оразқұл қарсы ал- дындағы бүта-шатқа қарамай бүза-жара, атын да шалды да аямай өңмеңдей тартып келеді. Мейлі, шалдың жүрегі жарылсын, дел осы жолы ат та арамкатсын, өзі тіл тартпай кетсе де бұған қазір бөрібір. Бұл көрген азапты – өзге жұрт та бірдей көрсін. Оразқұлдың мүлде мәртебесіне, кісілік қабілетіне сай құралмаған мына дүние түгел опат болып неге қараң қалмайды.

Ашуға булығып, бойын билей алмаған Оразқұл, шат тоғайшыққа қарамай, аттың басын жар қабаққа төте тарт- ты. Енді бөренеге Момын шал ие бола алмай көрсін. Қалай қайқаңдар екен. Сәл тайдырса, “қақбас шалды тұрған жерінде қатырам” деп байлады Оразқұл. Басқа уақытта бөрене сүйретіп келе жатқанда мұндай қатерлі жар қабақка ол жуымайтын, албасты басып ашу үстінде аңғармапты. Момын шал токта деу былай тұрсын: “Ой- бай-ау, байқасаңшы, қайда, қайда тартып бара жатыр- сың?” – дегенінше болмады, атқа жегулі бөрене жолын- дағының бәрін жайпап, домалай жөнелді. Жасаң, зілдей бәле ырық берсін бе, тоқтатуға ұмтылған Момын шал- дың төсей берген сотасын қолынан жүлып кетті де, темен сырғи берді.

Бәрі де көзді ашып-жұмғандай болған жоқ. Бөрене салмағынан қабырғалай қүлаған ат та темен кетті. Ат құларда Оразқүлды қағып кеткен екен. Әр бұтаға жар- масып бойына ие бола алмаған ол да домалап бара жа- тыр. Осы сәтте жасаң жапырақты тоғайдың ішінен мүйізді бір жабайы аңдардың үрке жөнелгені байқалды. Бұташаттардан атыла-атыла қарғып, әп-сөтте қалың то- ғайшыққа еніп жоқ болды.

– Марал, маралдар ғой мынау? – деп қуанышы мен қорқынышы аралас айқайлап жіберді Момын шал. Енді өз көзіне өзі сенбегендей үні өшті.

Кенет тау іші тым-тырыс, қарғалар да құйын соққан- дай жоғалып кеткен. Әлгі бөрене жолындағы жас қайың- дарды жайпай етекке барып тоқтапты. Ат болса, өзінің жүген-шылбырына сүріне-мүріне орнынан түрды.

Үсті-басының дал-далы шыкқан, Оразқұл анадай жерде әлі жылжып барады. Момын шал күйеу баласы- ның қолтығынан көтеруге тұра ұмтылды.

– 0, аруағыңнан айналайын, Бұғы ана, сол ғой бізді жаңағы апаттан алып қалған. Сен байқадың ба? Жаңағы- лар Бұғы ананың үрпағы ғой? Оралған екен ғой, киелі анамыз! Жаңа көрдің бе?

Аман қалғанына өлі сене қоймаған Оразқүл өз кылы- ғынан ұялса да, қабағынан қан жауып, қағынып орнынан тура берді де:

– Оттамашы, өй шал! Жетті! Ана атты босат. Оралып қапты ғой.

Момын тіл қатпастан, атқа қарай ұмтылды.

– Ой, айналып кетейін, Бұғы анам-ай, – деді ол өзінен өзі қуанышы койнына сыймай міңгірлеп. – Келген екен ғой марал да біздің орманға, ұмытпаған екен-ау киелі анамыз біз сорлыны. Кешірген екен ғой, біздің бір кездегі кінамызды…

– Не былшылдап жүрсің, әй, шал? – деді Оразқұл тістеніп. Ол енді ғана үрей-қорқыныштан кұтылып, бо- йын тежей баяғы ашуына қайта басты. – Баяғы ертегің бе айтып жүргенің? Өзің алжыған соң жұрттың бәрі ал- жыды деп ойлаймысың, ей? Сенің осы сандырағыңа кім сенеді деп жүрсің?

– Ойбай-ау, өз көзіммен көрдім ғой. Былай қарай үрке қашқан маралдар, – деді Момын шал бой бермей. – Балам-ау, өзің де көрген жоқ па едің? Жок, көрдің, көрдің.

– Ал, көрдім, үшеу ме, төртеу ме, әйтеуір осы жер­дей өткендей болды.

– Дұрыс айтасың, үшеу. Маған да үшеу болып көрінді.

– Иә, онда не тұр екен? Марал болса марал, ол бы­лай тұрсын, осы жерде адам өліп қала жаздаған жоқ па? Неңе мәз боласың? Егер жаңағы көрінген марал болса, мынау асудың ар жағынан келген де. Осы тау- дың ар жағындағы ормандарда, Қазақстанның жерінде марал өсіреді дейтін, оларда да осындай орманды ма- ралдың қорығы еткен шығар. Келсе келсін, онда біздің не шаруамыз бар? Қазақстан үшін басымды ауыртпай- мын.

– Мүмкін, осы жерді мекендеп қалып қояр, ә? – деді елжіреп Момын. – Қалса қандай абзал болар еді.

– Көне, болды енді! Кеттік! – деді, Оразқұл оның сөзін бөліп.

Олардың бөренемен әуреленуіне өлі біраз жер бар. Ең азабы анау өзеннен өткізу. Онда да атқа жегіп, өзің домалатып, машақатқа батасың. Азаптың үлкені алда. Одан аман-есен әрі шыққан соң машина тоқтайтын етек- ке жеткізгенше де талай тер төгіледі. Тозақтың көкесі әлі алда!..

Оразқұл өзін дүние жүзіндегі ең сорлы адамдай сезінді. Айнала қараса дүниеде түк өділет жоқ сияқты көрінеді. Ана тауды қарашы, еш нөрсе сезбейді, тілемейді, сүрамайды, еш нәрсеге жаны ашымайды, біреуді мүсіркеу, аяу дегенді білмейді, сол мелшиіп мөңгі бақи тұрған қалпы; орман болса мынау, қысың да бірдей, жазың да бірдей, екеуінен де жәбір көріп жатқан бүл жоқ. Қарғалардың кәсібі әне, жалп-жалп ұшып, ай­нала қарқылдағанына мәз, өзімен-өзі. Әлгі маралдар ше? Марал-ақ бола қойсын солар, олар да анау асудың ар жағынан келген. Енді осы орманның ішінде өзімен-өзі емін-еркін кезіп жүреді. Анау шаһардағы адамдар болса, ертелі-кеш басқаны айнадай асфальт, мінгені такси, отырғаны ресторан, төрт жағы құбыла, ойына не келсе соны істейтін жандар. Ал бұл болса жабайы жартас, мыл- кау тау, меңіреу орманның ішіндегі тағдыр талақ еткен бір бейбақ… Ер қара серік деген атасының түрі мынау, көз ашқалы құлпенде Елпек Момын аталумен келе жат- қан қаңбақ шал. Бақса өзінен ең ар жағы бұл да бақытты, осы күйімен жүріп, тым болмаса ертегіге сенеді ғой. Бүл неткен ақымақ! Түптеп келгенде өмірде осындай ақымақ- тарда ғана арман болмайды.

Ал, Оразқұл өз болмысын иттің етінен жек көреді. Мына тірлік, бұл көрген күн бұған лайық емес. Мұндай өмір құлпенде Момындарға ғана жарасады. Мо­мын сыяқтыларға не керек? Мұндайлар кеудесінде жаны барда өл-өлгенше тыным таппай лағнат қамытын сүйреп жүре береді. Осы жасқа келгелі мұның сөзін тыңдайтын тірі жан болды ма? Бір адамға ақыл айтып, жөн сілтеп көрді ме? Жұрттың бәрі бұған үстем. Ең ар жағы өзінің кемпірінің айтқанын да екі етпейді. Мұны балаша жұмсайды. Сондықтан да бұл сияқты меңіреулер ертегінің өзіне мәз болады. Жаңа орманнан маралдарды көріп еді, жүз жыл бойы зарығып таба алмай жүрген ба- уырларына кездескендей жыларманға дейін барды.

Келесі бет >>>>

Dar boramon admin

Инчунин кобед

belyiy-parohod-1

ДӘРЬЯ БОЙЫНДАҒЫ КЕШ

1 Қолында китабы, көзлери ойшаң, Көшеде асықпай барар Арыухан, Қызғыш биртартары от қусап лаулап, Желбирер …